06.05.2021, 20:25 10969

Қазақстанда 6 мамырға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 6 МАМЫР - 2021 жылғы 5 мамыр 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 334 812 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 443 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 334 812. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында – 57 822 (+651); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 47 412 (+398); 
 
ШҚО–да – 25 370 (+84); 
 
Қарағанды облысында – 24 786 (+245); 
 
Атырау облысында – 22 321 (+83); 
 
Алматы облысында – 22 358 (+200); 
 
Павлодар облысында – 21 521 (+123); 
 
БҚО-да – 19 960 (+151); 
 
Ақмола облысында – 19 099 (+101); 
 
Қостанай облысында – 14 868 (+25); 
 
СҚО–да – 14 099 (+29); 
 
Шымкент қаласында – 9877 (+70); 
 
Ақтөбе облысында – 9673 (+86); 
 
Жамбыл облысында – 8214 (+69); 
 
Маңғыстау облысында – 5956 (+60); 
 
Қызылорда облысында - 5895 (+32); 
 
Түркістан облысында - 5581 (+36).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 3 816 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 288 187, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
6 мамырдағы жағдай бойынша КВИ-ден 43 253 адам (42 792 КВИ+ және 461 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 14 489 науқас стационарларда, ал 28 764 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 780 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 195 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 121 науқас.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 5 мамыр аралығында коронавирустан жалпы 3 833 өлім тіркелді. 4 мамырда КВИ-ден 37 адам қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 4 мамыр 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 177 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 80 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 53 299, 823 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52 015 жетті. 
 
2021 жылдың 6 мамырға Қазақстанда 1 565 681 адам вакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны