17.03.2022, 17:01 81606

Қазақстандық шекарашылар құны 80 млн теңгеге майнингке арналған құрылғыларды әкету әрекетінің жолын кесті

Барлық техника процессуалдық шешімдер қабылдау үшін Ақтөбе облысы бойынша ЭТД-ға тапсырылды.
АҚТӨБЕ. 17 НАУРЫЗ - Ақтөбе облысы бойынша департаментінің шекарашылары "Жайсаң" автомобиль өткізу пунктінд­е ҚР-дан Ресей Федерациясына шығатын жерде "DAF" маркалы автокөлікті ұстады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Көлік құралын толық тексеру кезінде ҚР-дан ілеспе құжаттары жоқ саны 813 қорап қоректендіру кабельдері бар "Avalon" майнингке арналған жабдығы табылды. Алдын ала бағалау бойынша ұсталған жүктің құны шамамен 80 млн теңгені құрайды", - деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі.

 
Барлық техника процессуалдық шешімдер қабылдау үшін Ақтөбе облысы бойынша ЭТД-ға тапсырылды.
 
Бұған дейін Жамбыл облысында майнингтік фермалардың табылғандығы туралы хабарланған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны