08.04.2021, 19:31 8944

Қазақстанда 8 сәуірге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 8 СӘУІР - 2021 жылғы 7 сәуір 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 261 503 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 586 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 261 503. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында – 38 938 (+710); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 34 007 (+578); 
 
ШҚО–да – 23 151 (+55); 
 
Павлодар облысында – 19 358 (+28); 
 
Атырау облысында – 19 446 (+137); 
 
Қарағанды облысында – 18 546 (+160); 
 
Ақмола облысында – 15 797 (+98); 
 
БҚО-да – 15 900(+125); 
 
Алматы облысында – 15 611 (+325); 
 
Қостанай облысында – 14 063 (+33); 
 
СҚО–да – 13 184 (+16); 
 
Шымкент қаласында – 7312 (+81); 
 
Жамбыл облысында – 6613 (+39); 
 
Ақтөбе облысында – 6120 (+117); 
 
Түркістан облысында – 4617 (+19); 
 
Маңғыстау облысында - 4595 (+43); 
 
Қызылорда облысында - 4245 (+22).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 499 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 229 538, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
8 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 29 655 адам (28 794 КВИ+ және 861 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 10 828 науқас стационарларда, ал 18 827 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 522 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 151 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 87 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 7 сәуір аралығында коронавирустан жалпы 3 171 өлім тіркелді. 
 
Сонымен қатар, 6 сәуір 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 100 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 186 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 51 055, 718 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 49 476 жетті. 
 
2021 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Шымкент қ., Қызылорда және Павлодар облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны