01.04.2021, 23:45 9974

Денсаулық сақтау министрі эпидемиологиялық ахуалдың үш сценарийі жайлы айтты

НҰР-СҰЛТАН. 1 СӘУІР - Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды және вакцинация туралы баяндады, сондай-ақ Қазақстандағы пандемияға қатысты үш болжам айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Президенттің төрағалығымен өткен коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі кеңес барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой пессимистік сценарий бойынша 2021 жылдың сәуір-маусымында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 370 мың адамды құрайтынын, ауруханаға жатқызу 190 мың адамды қажет ететінін айтты.
 

Екінші реалистік сценарий бойынша 2021 жылдың сәуір-маусымында тіркелген жағдайлардың болжамды саны шамамен 250 мың адамды құрайды, ауруханаға жатқызуға 127 мың адам қажет болады", - деді Алексей Цой.

 
Оптимистік сценарий бойынша 2021 жылдың сәуір-маусымында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 140 мың адамды құрайды, ауруханаға жатқызуға 71 мың адам қажет болады.
 

Министрлік елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға тұрақты мониторинг жүргізеді, соның негізінде медициналық ұйымдардың коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуіне дайындығын арттыру бойынша шаралар қабылданады. Денсаулық сақтау жүйесі эпидемияның сценарийі бойынша жүктемені жеңе алады. Осыған байланысты шектеу шаралары жергілікті және елдік деңгейде де, өңірлік деңгейде де сараланған түрде қабылданады", - деді Министр. 

 
Оның пікірінше, вакцинация қарқынын арттыру шектеу шараларын азайтуға және пандемияға дейінгі кезеңдегі қоғамға оралуға мүмкіндік береді. 
 
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев халықты вакцинациялау жұмысын сынға алып, Денсаулық сақтау министрі мен Үкіметке оларды жұмыстан босатамын деп қорқытты. Сондай-ақ, Президент пандемиядан зардап шеккен экономика секторларында шағын және орта бизнесті қолдау жөнінде бірқатар тапсырма берді
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны