04.05.2021, 21:08 13428

Қазақстандық еріктілер жануарларға жауапкершілікті қалыптастыру бойынша жобаларға гранттар алады

Байқау қорытындысы бойынша 5 шағын грант бөлінеді (әр жобаға 500 мың теңге).
НҰР-СҰЛТАН. 4 МАМЫР - Қазақстанда жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған "Birgemiz: Аyala" жобасы аясында волонтерлерге арналған шағын гранттар байқауы басталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Байқаудың мақсаты жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру бойынша волонтерлік бастамалар мен жобаларды дамыту, волонтерлердің жеке бастамаларын қолдау болып табылады.
 
Байқау қорытындысы бойынша 5 шағын грант бөлінеді (әр жобаға 500 мың теңге). Оған еліміздің барлық өңірлерінің тұрғындары қатыса алады, алайда жоба Нұр-Cұлтан қаласының аумағында жүзеге асырылады.
 

Байқау 2021 жылдың 29 сәуірінен 25 мамырына дейін өткізіледі. Бір тақырып бойынша бір өтінім берушіден біреуден артық өтінім беруге жол берілмейді. Байқау ережесін Instagram @league_volunteers және @birgemiz.ayala профильдерінің сипаттамасынан табуға болады. Жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған "Birgemiz: Аyala" жобасы "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылуда", - деп хабарлады ұйымдастырушылар.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны