04.05.2021, 22:05 14323

Қазақстандық оқушылардың жазғы демалысы қашан басталады

НҰР-СҰЛТАН. 4 МАМЫР - 2020-2021 оқу жылы Қазақстан мектептерінде 25 мамырда аяқталады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппараттық кеңесі барысында белгілі болды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Кеңес барысында БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов хабарлағандай, барлық мектептерде оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Бірақ 19 маусымға дейін жазғы мектептер ұйымдастырылады.
 

Бұл ерікті сипатқа ие", - деп нақтылады министр.

 
Бұл ретте, мұғалімдердің демалыс ұзақтығында өзгерістер болмайды. Мұғалімдер, бұрынғыдай, жазда 56 күн демалады, бұл барлық жұмыс құқықтық өріс аясында ұйымдастырылады.
 

Біз келесі жылы да пандемияның салдарын ескеруіміз керек. Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясы тиісті түзетулер енгізуі тиіс. Біз, келесі оқу жылына стандартты түрде дайындалып, ештеңе болған жоқ деп айта алмаймыз", - деп қосты Аймағамбетов.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны