18.05.2021, 23:05 7670

Елорданың кейбір аудандары уақытша сусыз қалады

НҰР-СҰЛТАН. 18 МАМЫР - "Астана су арнасы" МКК сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы іс-шаралар өткізілетіні туралы хабарлады, осыған байланысты 21 мамырда 22.00-ден 22 мамырда 09.00-ге дейін кейбір аудандарда сумен жабдықтау тоқтатылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Астана су арнасы" МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Компания атап өткендей, сумен қамтамасыз етуді ажырату Момышұлы даңғылы мен Төлебаев көшесінің қиылысында жаңа магистралды су құбырының іске қосылуына, Момышұлы даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысындағы қысым реттегішті бөлшектеуге және Момышұлы даңғылы ауданындағы шығын өлшегішті ауыстыруға байланысты қажет.
 

21 мамырда сағат 22.00-ден 22 мамырда 09.00-ге дейін Есіл ауданы бойынша: Мәңгілік Ел даңғылы, Nova city ауданы, Заречный, Тельман, Пригородный тұрғын алаптары, BI Village/ Family Village, Қабанбай батыр даңғылы бойынша ауыз су беру ішінара тоқтатылады. Алматы ауданы бойынша: Мыңжылдық Аллеясының ауданы, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жағы), Қалдаяқов - Тәуелсіздік - Панфилов - Аманжолов көшелерінің квадраты", - делінген хабарламада.

 
Аталып өткендей, 22 мамырда сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жоғарыда аталған аудандар су құбыры желілерін іске қосу жұмыстарына байланысты төмен қысымда болады.
 

Елорда құрылысына байланысты бұл жұмыстар сумен жабдықтау желілерінің сапасы мен сенімділігін жақсарту үшін қажет. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне тәуліктік су қорын алдын ала дайындауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны