04.10.2021, 18:25 67516

Алматының Әуезов ауданында бірқатар ғимарат бір күнге суық судан ажыратылады

АЛМАТЫ. 4 ҚАЗАН - Әуезов ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады.
 
Бұл туралы "Алматы су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті.
 

6 қазан күні таңғы сағат 8:00-ден түнгі сағат 24:00-ге дейін Алмас, Астана, Атамекен, Достық, Қуаныш, Мамыр-1, Мамыр-2, Мамыр-4, Мамыр- 5, Мамыр-6, Мамыр-7, Қалқаман-2 ықшамаудандарында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да нысандарда суық су болмайды. Сонымен қатар, Тепличный, Шабыт, Шаляпин-Мұсабаев-Әшімов-Абай көшелерінің бойында орналасқан үйлер суық судан ажыратылады", - деп хабарлайды "Алматы су" кәсіпорны.

 
Әлеуметтік нысандарға су тапсырыс бойынша сырттан жеткізілетін болды.
 
 "Алматы су" МКК уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінеді.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны