22.10.2021, 18:14 7317

Ақмола облысының ауылдық жерлерінде өмір сапасы жақсаруда

КӨКШЕТАУ. 22 ҚАЗАН - Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Целиноград ауданында болып, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер бой көтеріп жатқан құрылыс алаңдарын аралап көрді. Сондай-ақ, ауылдық жерде өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартатын инфрақұрылымдық жобалармен танысты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қараөткел ауылында құны 900 миллион теңгеге 280 орындық балабақша салынуда. Мердігер компания – "Астана Көктем-S" серіктестігі құрылыс кестесінен артта қалып отыр, ал, жобаны түзету алтын уақытты алатыны белгілі.
 

Біз Қараөткел ауылында балабақша мен отбасылық-дәрігерлік амбулатория, екі бағдарлама бойынша жолдар салып жатырмыз. Көп нәрсе жасалып жатқан сияқты, бірақ, анықтай бастағанда, барлық жерде кемшіліктер бар екені белгілі болды. Бұл жұмыста бірізділіктің болмағанынан", – деп сынға алды мердігерлерді өңір басшысы.

 
Жаз басынан бері ауысымына 25 келушіні қабылдай алатын заманауи отбасылық дәрігерлік амбулаторияның құрылыс алаңында жағдай сәл жақсырақ. Жоба сонымен қатар, біраз түзетулерді қажет етті, бірақ мердігер тарапынан құрылыс жұмыстары бір күнге де тоқтамады. "ДЕЛО ФБК" серіктестігінің басшысы Ғабит Қаппасовтың айтуынша, құрылыс серіктестіктің өз есебінен жалғасты, соның арқасында кестеден кешіктірілмеді. Қазір түзету аяқталып, құны 20 пайызға өсті. 
 
Қараөткел ауылының солтүстік бөлігінде "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында спорт алаңы пайда болады. Ол балалардың да, ересектердің де қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. Мердігер құрылыс жұмыстарын 18 қазанда бастауға және айдың соңына дейін нысанды тапсыруға уәде берді. 
 
Өткен және ағымдағы жылдары Қараөткел ауылының жол торабын қайта құру мен салу жобаларын ескере отырып, 27 шақырым жолдың беткі қабаты қатты жабындылармен жабылды. Бұл 97 шақырымға жететін жолдардың жалпы ұзындығының үштен бірі. Жобаларға тротуарлар, жарықтандыру және көгалдандыру жұмыстары кіреді. 
 
Ағымдағы оқу жылын Оразақ ауылындағы оқушылар толық жөндеуден өткен мектепте бастады. Бұл мектеп 2015 жылғы су тасқыны кезінде зақымданған болатын. Өткен жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" бағдарламасы аясында осы мектеп ғимаратын күрделі жөндеуге және абаттандыруға 207 миллион теңге бөлінді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны