30.12.2021, 19:44 49081

Коронавирустың Омикрон штамы Алматыда болуы мүмкін – Алматы әкімінің орынбасары

Коронавирустың Омикрон штамы Алматыда болуы мүмкін – Алматы әкімінің орынбасары
АЛМАТЫ. 30 ЖЕЛТОҚСАН - Коронавирустың омикрон штамы Алматыда болуы мүмкін. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлім етті.
 

Омикрон шатамы ендігі Алматыға келген болуы мүмкін, өйткені вирус жұқтыру дерегі өскені байқалады. Бірнеше күн бұрын 30 жағдай болса, бүгін ол 62 жетті. Бірнеше күнде көрсеткіш екі есеге өсті. Омикрон штамымен жастар көп аруы мүмкін. Ол тез тарап, тез жұғады", - деді Ержан Бабақұмаров журналистермен кездесуде. 

 
Сонымен қатар ол жаңа штамға төтеп беру үшін дайындық жүріп жатқанын айтты. 
 

Жаппай жұқтыруды болдырмау үшін барлық санитарлық талапты сақтау керек. Қала үш бағыт бойынша дайындалып жатыр. Біз инфекция жұқтыратындардың саны артатынын түсінеміз. Медицина мекемелеріне артық жүктеме түсірмеуміз керек. Қалада құрамында дәрігерлер бар 600-ден астам мобильді топ бар", - деп атап өтті Ержан Бабақұмаров.

 
Қала әкімінің орынбасары алматылықтарды ревакцинация алуға шақырды.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны