15.03.2022, 17:39 13296

Қазақстанда ауасы ең ластанған қалалар аталды

Қазақстанда ауасы ең ластанған қалалар аталды
НҰР-СҰЛТАН. 15 НАУРЫЗ - Атмосфералық ауаның сапасы туралы апталық ақпараттық анықтама шықты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 08-14 наурыз аралығында келесі көрсеткіштер тіркелді: 

Нұр-Сұлтан қ. шекті жол берілетін нормалардан асып кетудің 841 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы, Байтұрсын көшесі ауданында ластанған.

Алматы қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 191 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы ең ластанған Алатау ауданы.

Қарағанды қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 653 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы ең ластанған жер – №8 ЛБП ауданы (Пришахтинск шағын ауданы, 3-ші Кочегарка көшесі, 28).

Жезқазған қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 250 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы М. Жәміл көшесі, 4 В, ауданында барынша ластанды.

Шымкент қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 132 жағдайы тіркелді. Самал-3 шығын ауданы бойынша қаланың ауасы барынша ластанды.

Экстремалды-жоғары (20 ШРШ-дан астам) ластану жағдайлары бірде-бір ШРШ тіркелген жоқ.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны