24.05.2022, 16:41 26481

Балаларды тегін үйірмелермен және секциялармен қамту үшін тағы 50 млрд теңге жетіспейді

Қаражаттың жетіспеушілігі үйірмелердің жұмысы мен балаларды оқытуға кедергі болып тұр.
Балаларды тегін үйірмелермен және секциялармен қамту үшін тағы 50 млрд теңге жетіспейді
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 24 МАМЫР - Балаларға арналған тегін үйірмелер мен секцияларға 50 миллиард теңге қажет. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру ісі жөніндегі комитет өкілдері айтты. 
 
Қаражаттың жетіспеушілігі үйірмелердің жұмысы мен балаларды оқытуға кедергі болып тұр. Қазір тегін үйірмелерге 70 мыңдай бала қатысады. Ал спорттық бағыттағы үйірмелерге 32 мыңдай бала кезекте тұр. АртСпортЭду қауымдастығы төрайымы елордадағы балалардың тегін спортпен шұғылдануына бөлінген 1,3 миллиард теңге мақсатты игерілмегенін айтады.
 
Ақпарат көзі: qazaqstan.tv
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны