06.09.2022, 14:24 17726

Жылыту маусымына дайындық: екі облыста жабдықты жөндеу мерзімі сақталмайды

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеу мерзімдері сақталмаған.
Жылыту маусымына дайындық: екі облыста жабдықты жөндеу мерзімі сақталмайды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 6 ҚЫРКҮЙЕК - 2022-2023 жж. жылыту маусымына дайындық мәселелерін талқылау барысында Үкіметте бірқатар өңірлерде негізгі жабдықтарды жөндеу мерзімдері сақталмайтыны анықталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Электр желілері бойынша жалпы ұзындығы 20 201 км электр беру желілерін, сондай-ақ 712 бірлік жоғары вольтты кіші станцияларды жөндеу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда 14 047 км электр беру желілері мен 331 кіші станция жөнделді, бұл жылдық жоспардан желілер бойынша тиісінше 70%-ды және кіші станциялар бойынша 46%-ды құрайды. Электр желілерін жөндеу бекітілген кестелергее сәйкес аяқталып келеді", — деді энергетика министрі.

 
2 қыркүйектегі жағдай бойынша, "KEGOC" АҚ бекіткен графикке сәйкес электр станцияларында 4 энергоблокта, 25 қазандықта, 23 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. 4 энергоблокта, 27 қазандық пен 16 турбинада жөндеу жұмыстары әртүрлі сатыда.
 
Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, жылу беру кезеңіне орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында 487 қазандықты дайындау үшін 1 073 қазанды немесе жоспардың 90%-ына жөндеу жүргізілді.
 
Сонымен қатар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеу мерзімдерінің сақталмағаны атап өтіледі.
 

Бұдан басқа, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында күрделі жөндеулер 2023 жылға ауыстырылды", - деп нақтылады Ақшолақов.

 
Ведомство басшысының айтуынша, электр станцияларында отын жинақтау жалғасып жатыр. Энергия көздері қоймаларындағы көмір қоры 3,9 млн тоннаны және 83 мың тонна мазутты құрайды, бұл жалпы бекітілген нормаларға сәйкес келеді. 
 
Сонымен қатар 5 станцияда көмірдің нормативтік қоры сәйкес келмейді: Семей ЖЭО-1, Риддер ЖЭО, Шахтинск ЖЭО-2, Жезқазған ЖЭО, Петропавл ЖЭО.
 

Энергия өндіруші ұйымдардың отын үшін кредиторлық берешегінің едәуір көлемі маңызды мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда "ҚазТрансГаз-Аймақ" АҚ алдындағы берешек 4 млрд 959 млн теңгені құрайды. Сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдардың "Богатырь-Көмір" ЖШС алдында жалпы сомасы 2 млрд 479 млн теңге берешегі бар", - деді Энергетика министрі.

 
Күзгі-қысқы кезеңге дайындыққа жүргізілген талдауға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы, Түркістан облысы, Маңғыстау облысы, Ақмола облысы, Павлодар облысы, Абай облысы және Нұр-Сұлтан қаласы түрлі себептерді ескере отырып, ағымдағы жылыту маусымын өткізуге ерекше назар аударуды талап ететін өңірлер ретінде айқындалды.
 
Үкімет отырысында 2022 жылғы тамызда ҚР Энергетика министрлігімен, жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне сәйкес, 1 тоннасы үшін 115 000 теңге бағамен 218,6 мың тонна көлемінде "2022-2023 жж. күзгі-қысқы кезеңде әлеуметтік-өндірістік объектілер мен мекемелерге мазут жеткізу бойынша мұнай мен мұнай өнімдерінің негізгі қор ұстаушыларына облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларын бекіту кестесі" бекітілгені белгілі болды.
 
Болат Ақшолақов сөзінің соңында келесі түйткілді мәселелерге ерекше назар аударды: электр станциялары мен электр желілеріндегі толық көлемде аяқталуы тиіс жөндеу жұмыстары; энергия көздерінде отынның нормативті қорын жинақтау үшін жылжымалы құрамның қажетті санын қамтамасыз ету; отын жеткізушілер алдындағы қарызды азайту; коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың жабдықтаушылар алдындағы дебиторлық берешегін азайту бойынша шаралар қабылдау; еліміздің әлеуметтік-мәдени нысандарын, елді мекендерін жылумен жабдықтау жүйесіне уақтылы қосу; электр станцияларын, қазандықтарды көмірмен және мазутпен тұрақты қамтамасыз ету және жылу беру маусымында өңірлер тұрғындарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны