04.10.2022, 15:43 22686

Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады

2022 жылдың қазан айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 11 күн демалады.
Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады
АСТАНА. 4 ҚАЗАН - 2022 жылдың қазан айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 11 күн демалады. Алты күндік жұмыс аптасында - 6 күн демалады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Естеріңізге сала кетейік, Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылғандықтан, қазақстандықтар бұл күні демалады.
 
Үкімет қаулысына сәйкес, демалыс күні 2022 жылғы 22 қазан сенбіден 2022 жылғы 24 қазан дүйсенбіге ауыстырылады. Яғни, бес күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 23, 24 және 25 қазан болады. Аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер екі күн демалады - 23 және 25 қазан.
 
Нәтижесінде, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 11 күн демалады. Алты күндік жұмыс аптасында - 6 күн демалады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны