30.11.2022, 10:56 11531
Полицейлердің заңсыз әрекеттеріне қайда шағымдануға болады
Сурет: polisia.kz
Достарға айту
Полиция қызметкерлерінің заңсыз және әдепсіз әрекеттері анықталған жағдайда egov.kz портал арқылы өтініш қалдыруға болады
Алматы. 30 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Алматы полициясы тәртіп сақшыларының заңсыз әрекеті бойынша қайда шағымдануға болатынын айтты.
Өзіндік қауіпсіздік басқармасында келіп түскен қоңырауларды есепке алу автоматты түрде жүргізіледі. Бұл дабылдарға жылдам жауап беруге мүмкіндік береді.
ӨҚБ-да сенім телефоны көп жыл бойы жұмыс істеп келеді. Бұл ішкі істер органдары қызметкерлері тарапынан құқықтары бұзылған азаматтармен қарым-қатынас жасаудың тиімді алаңы. Бұл бағыттың негізгі модераторы - біздің бөлімше. 8-707-927-67-69 нөмірі тәулік бойы қоңырауларды қабылдайды. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің заңсыз және әдепсіз әрекеттері анықталған жағдайда http:egov.kz электронды үкімет порталы және басқа да қолжетімді ақпараттық ресурстар арқылы арыз/өтініш қалдыруға болатынын ескертеміз. Полиция қызметкерлерінің әрекетіне қатысты азаматтардың әрбір арызы жан-жақты тексеріліп, сараптаудан өтеді", - деді Алматы қалалық ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Ерік Жұмабай.
Полиция департаменті тәжірибеде қызметтер мен бөлімшелер қызметкерлерінің қызметін бақылаудың бірнеше түрлері бар екенін атап өтті. Мәселен, кеудеге арналған бейнетіркегіштердің көмегімен біз жол полициясы инспекторларының жұмыс сапасын тексеріп қана қоймай, даулы мәселелерді шешуге мүмкіндік аламыз.
Сонымен қатар бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюдың айтарлықтай тиімді шарасы. Сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтау, олардың қылмыстық және әкімшілік қудалау орбитасына негізсіз тартылуына жол бермеу мәселелері ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының тұрақты бақылауында екенін хабарлаймыз", - деді Жұмабай.
Ақпарат көзі: Polisia.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
03.02.2023, 15:42 22446
Алматы облысы су тасқыны қаупі бар аймақ деп жарияланды
Сурет: telegram/ortcom.kz
Достарға айту
Өңірде ерте көктем шығады және белсенді қар ериді деп болжануда
Алматы. 3 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматы қаласы мен Алматы облысында ақпан және наурыз айларында температура фонының күрт көтерілуі және нөсер жаңбыр кезінде су тасқыны болуы мүмкін, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК Гидрология департаментінің директоры Әділ Ахметов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Әділ Ахметовтың айтуынша, алдын ала болжам бойынша, Алматыда көктем ерте шығады. Наурыздың бірінші онкүндігінде ауа температурасы +2+7°С, күндіз +10+15°С дейін көтеріледі деп күтілуде. Орташа алғанда ауа температурасы климаттық нормадан 1 градусқа жоғары болады деп күтілуде. Алматы қаласы бойынша 2023 жылдың наурыз айына арналған толығырақ болжам 15 ақпанда жарияланады (және он күндік және апталық болжамдармен жаңартылады).
Журналистердің сұрақтарына жауап берген Әділ Ахметов Алматыда ауа толқындарында жылылық сезіліп, ауасының температурасы айтарлықтай көтеріліп келе жатқанын айтты. 1976 жылдан бастап орташа жылдық температура әр 10 жыл сайын шамамен 0,5°С-қа көтерілді. Жылдың барлық айларында температура тұрақты түрде көтеріледі. Температура ең жоғары жылдамдықпен наурызда көтеріледі - 10 жыл сайын 1,3 °С-қа, ал ақпанда - 10 жыл сайын 1,3 °С-қа көтеріледі.
Алматыда да температуралық режим келесідей өзгерістерге байланысты сипатталады:
- температурасы нөлден төмен және айтарлықтай аязды (минус 20 °С төмен) күндер саны азаяды;
- температурасы 30 35 °С жоғары ыстық күндер саны артады.
Наурыз айындағы орташа айлық температураның нормасы - 2,7 ° C, мұндай кезде наурыз айында күннің бірден жылынуы жағымсыз жағдайға жатады. Және дәл осы айда ауа температурасының қатты жоғарылау үрдісі байқалады. Мұндай кезде қыс бойы қордаланған қалың қардың бірден еру қаупі жоғары. Сондай-ақ, Алматыда жылу толқындарының қайталану жиілігі артып келеді, сондықтан қыстың соңы мен көктемнің басында ауа температурасының күр жылынуынан қауіп артады", - деді Қазгидромет өкілі.
Көршілес облыстардағы жағдайға келетін болсақ, спикердің айтуынша, 5 ақпанда Алматы облысында, облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, қар жауады. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
1 ақпандағы жағдай бойынша Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі, Жетісу Алатауының өзен алаптарында ылғал жиналу кезеңіндегі жауын-шашын мөлшері орташа жылдық мәннен 15-21%-ға жоғары, ал Іле Алатауының оңтүстік беткейі мен Кетмен жотасының солтүстік беткейіндегі өзендердің бассейндерінде орташа жылдық мәндер шегінде 15-21%-ға жоғары.
Жетісу Алатауы өзендерінің бассейндеріндегі тау өзендерінің бассейндерінде қар қоры орташа көпжылдық мәннен 39%-ға жоғары, Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі, Іле Алатауының оңтүстік беткейіндегі және Кетмен жотасының солтүстік беткейі өзендердің бассейндерінде қар қоры орташа көпжылдық мәндер шегінде.
27 қаңтарда "Қазгидромет" РМК 2023 жылдың 1-10 ақпанына Қазақстанның оңтүстік облыстары үшін ауа райы болжамы бойынша жаңбыр түріндегі жауын-шашын, қардың қарқынды еруі, еріген ағынды сулардың пайда болуы мүмкін екенін ескертті. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарындағы өзендерде көктайғақ құбылыстарыныңбаяулайтынын және су деңгейінің көтерілуі мүмкін", - деп жалғастырды сөзін Әділ Ахметов.
30 қаңтарда Қазгидромет 2023 жылдың 1 ақпаны мен 3 ақпаны аралығында Қызылорда, Түркістан қалаларында қардың қарқынды еруі күтіледі. Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында жаңбыр және бұрқасын түріндегі қатты жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температура фонының жоғарылауына байланысты дауылды ескерту жариялады, еріген және еңіс ағынының қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендерде су деңгейі көтеріледі деп күтілуде.
Жоғарыда аталған факторларды ескере отырып, ақпан және наурыз айларында температурасының күрт көтерілуі және қатты жаңбыр салдарынан еріген жаңбырлы су тасқыны болуы мүмкін. Алматының оңтүстік жартысында ақпан айында жауатын жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады деп болжануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.02.2023, 10:30 23816
ТМД-да сейсмикаға төзімді құрылыс бағытында бірыңғай нормалар әзірленеді
Тиісті ұлттық нормативтік актілерге талдау жүргізілді
Достарға айту
Астана. 3 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазір базалық ұйымның қызметі аясында ТМД-ның мүшелігіне кіретін барлық елге арналып, сейсмикаға төзімді құрылыс саласы бойынша бірыңғай нормаларды әзірлеу қолға алынды. Бұл туралы "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ бас директоры Бегман Құлбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Оның айтуынша, тиісті ұлттық нормативтік актілерге талдау жүргізіліп, келесі кезекте мақұлданған бірыңғай нормалар мен олардың ұлттық қосымша құжаттарын әзірлеу міндеті тұр. Осы бірыңғай нормалар ТМД кеңістігінде сейсмикаға төзімді құрылыстың дамуына серпін беріп қана қоймай аталған саланы реттейтін ұлттық заңнамалардағы олқылықтың орнын толтыру тиіс.
Бұған қоса осы амал арқылы біз жас ғалымдардың арасында сейсмикаға төзімді құрылыс ғылымын насихаттау жөніндегі мәселені шешіп келеміз. Қазір университеттермен белсенді байланыс орнатылып, дарынды түлектер мен аспиранттардың дамуына жан-жақты мүмкіндіктер ұсынылып отыр. Білікті әрі қажетті дағдыға ие мамандармен кәсіби қызметкерлердің пулын үздіксіз жасақтау - ғылымға икемделген және жоғары технологиялы сейсмикаға төзімді құрылыс саласын одан әрі дамытудың кепілі", деді Б.Құлбаев.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің деректері бойынша, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтына ТМД Атқару комитетінің делегациясы арнайы келді. Оның құрамында ТМД-ның Бас хатшысы Сергей Лебедев пен аталған ұйымның Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі департаментінің директоры Михаил Мыскин болғанын айта кетейік.
2019 жылы институтқа ТМД-ға мүше мемлекеттердің сейсмикаға төзімді құрылыс саласы жөніндегі базалық ұйымы ретінде мәртебесі берілген болатын. Оның негізгі қызметіне жобалау ұйымдары мен ғылыми-зерттеу институттары арасында сейсмикаға төзімді құрылыс саласында тәжірибе алмасып, тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қолғабыс ету, нормативтік-техникалық базаны жетілдіріп, ғылыми әрі тәжірибелік-теориялық зерттеулерді жүргізу, сондай-ақ ТМД елдеріндегі ғимараттар мен құрылыстарға тербелісті динамикалық (натуралық) сынақты жүргізу кіреді.
Бұған дейін хабарланғандай, 9 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан Алматыда қаланың жоғарғы бөлігіндегі ғимараттардың биіктігін шектеуді көзделіп отыр. Айта кетейік, соңғы кездері Алматы тұрғындары қаланың тығыздау құрылысына шағымдана бастады, бұл коммуникациялар, көлік тұрағындағы қиындықтар, экологиялық проблемалардың шиеленісуіне ғана емес, сонымен қатар су және электр желілерінің шамадан тыс жүктелуіне әкеледі.
Сарапшылардың бағалауы бойынша, Алматыда жойқын жер сілкінісі болған жағдайда ғимараттардың 60%-ы қирауы мүмкін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2023, 18:02 29196
Алматыдағы "Оңтүстік" саябағы мемлекеттік меншікке қайтарылды
Сурет: Vecher.kz
Достарға айту
Бұрын учаскеде көп қабатты тұрғын үй салу жоспарланған болатын
Астана. 2 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда "Оңтүстік" саябағының жер телімін мемлекеттік қажеттілік үшін қайтарып алу рәсімі аяқталды, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 2007 жылы Бостандық ауданындағы Си Синхай көшесінің оңтүстігінде, Жароков көшесінің шығысында жер телімі көпқабатты тұрғын үй салу және пайдалану үшін "Turkuaz Invest" ЖШС жеке меншігіне берілген болатын. Кейін учаске "Jusan Property" ЖШС-не берілді.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесулерінің бірінде қала тұрғындарымен аталған жер учаскесін мемлекеттік меншікке алу және саябаққа абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы бастама көтерілген болатын.
2022 жылғы 5 қазанда Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әкімдіктің жер учаскесін мемлекет қажеттілігіне қайтару жөніндегі талабы қанағаттандырылды, өтемақы сомасы 2 338 817 000 теңге мөлшерінде айқындалды. 2022 жылғы 22 желтоқсанда Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.
2023 жылғы 13 қаңтарда өтемақы сомасы "Jusan Property" ЖШС-не аударылды.
Қазіргі кезде Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы "Оңтүстік" саябағын абаттандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін қажетті құжаттарды дайындауда.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда қаланың жаңа бас жоспарының қоғамдық талқылауы өткен болатын. Талқылау нәтижелері бойынша оған тау бөктерін салу бойынша қатаң шектеулер енгізілді. Бас жоспарды талқылау кезінде алматылықтарды ауа сапасы, экология, көлік және нүктелік құрылыс толғандырды.
Сондай-ақ, Алматы әкімдігі Медеу ауданындағы салынған тау беткейіне қосымша сараптама жүргізетіні хабарланды. Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 14 мыңға жуық үй заңсыз салынған. Алматының тау бөктеріндегі аудандарының құрылысы ерекше алаңдаушылық туғызады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2023, 17:18 29536
Сенатор: Цифрлық аутизм - ХХІ ғасырдың дерті
Достарға айту
Балалар смартфонды ұзақ ұстауы салдарынан есте сақтау, көру және сөйлеу қабілетінен айырылып жатыр
Астана. 2 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Ғалымдардың айтуынша, аутизм - "ХХ ғасырдың обасы". Ал цифрлық аутизм - ХХІ ғасырдың дерті. Сенатор Нұртөре Жүсіп өзінің депутаттық сауалында осындай пікір айтты.
Депутат қазіргі таңда бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да "цифрлық аутизм" белгілері байқала бастағанын атап өтті.
Балалар смартфонды ұзақ ұстауы салдарынан есте сақтау, көру және сөйлеу қабілетінен айырылып жатыр. Олардың өз бетінше ойлауы, ұзақ мәтіндерді қабылдауы, айналаға назар аударуы қиынға соғып отыр ", - деді сенатор.
Сенатор гаджетизация мен заманауи технологияға қарсы тұру да дұрыс емес екенін айтты. Депутат осыған байланысты мектептер мен балабақшалардағы ата-аналар комитеттеріне, сондай-ақ салалық үкіметтік емес ұйымдарға киберманияның зияны туралы белсенді түрде айтып беруін ұсынды.
Бұған дейін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға берген жауабында оқытуды компьютерлендіру қазақстандық оқушылардың көру қабілетінің нашарлауына әкеп соқтырғанын айтқан болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2023, 14:28 31606
Сенат еңбек дауларын реттеу туралы заңды мақұлдады
Заң жобасында қызметкерлер ереуілдер өткізе алатын жағдайлар анықталған
Достарға айту
Астана. 2 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Бүгін Сенат отырысы барысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды да қарап, қабылдады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
Бұл құжат еңбек дауларын реттеу және келіссөздер процестерін ұйымдастыру мәселелері бойынша елдің заңнамасын жетілдіру үшін әзірленді. Жаңа түзетулер келісім комиссиясының қызметіне, ұжымдық еңбек дауларын шешудегі кәсіподақтардың рөлін нақтылауға, жиналыстар немесе ескерту ереуілдері өткізілуі мүмкін жағдайларға және басқа да тиісті жайттарға қатысты мәселелерді қамтиды.
Мемлекет басшысы еңбек дауларына қатысты құқықтық қатынастарды қосымша реттеу мәселесін бірнеше рет көтерген болатын. Соған сәйкес әзірленген бұл заң осы саладағы отандық заңнаманы жетілдіруді көздейді. Жалпы, дауларды реттеудің баламалы тәсілдерін қолдану - құқықтық саясатты дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Осы заң арқылы жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі қайта қаралады. Сондай-ақ келісу және татуластыру комиссиясының мәртебесі күшейе түседі. Алдағы уақытта жаңа нормалар жұмысшылардың құқықтарын қосымша қорғауға және еңбек дауларын азайтуға ықпал етеді деп сенеміз", - деді Сенат Төрағасы.
Бұдан басқа, отырыс барысында сенаторлар "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңды қарап, мақұлдады.
Аталған хаттама Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің қызметіне қатысты мәселелерді шешуге бағытталған. Осы заң арқылы халықаралық шарт деңгейінде бірлескен бақылау іс-шараларын өткізу тәртібін, кезеңдері мен мерзімдерін, анықталған бұзушылықтарды жою тетігін және тексеруге қатысушылардың өзара іс-қимылының ұйымдастырушылық мәселелерін бекіту ұсынылады.
Сонымен қатар, күн тәртібінде алдымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 5-тармағына сәйкес Парламент Сенатының депутаты Кәрімова Гүлмира Раинбекқызының өкілеттігін тоқтату туралы Орталық сайлау комиссиясының ұсынымы қаралды.
Мәулен Әшімбаев жеке өзінің және Сенаттың атынан Гүлмира Раинбекқызының отбасы мен жақындарына тағы да көңіл айтып, оның Солтүстік Қазақстан облысының дамуына және ұлттық білім беру жүйесін жетілдіруге үлкен үлес қосқанын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның жаңадан сайланған сенаторы Гүлмира Кәрімова 45 жасында кенеттен қайтыс болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.02.2023, 11:25 39951
Отбасы банк мемлекеттен 116 мың теңге алуға болатындығы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Отбасы банк тек банктің ресми көздеріне сенуді сұрайды
Достарға айту
Астана. 1 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Интернет кеңістігінде Отбасы банктің қолдауымен мемлекеттен 116 680 теңге алуға болатындығы туралы жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды Отбасы банктің баспасөз қызметі.
Алаяқтар 10 жылдан астам еңбек өтілі бар ҚР әр азаматы Отбасы Банкінің қолданыстағы шоттарына еңбек шегерімін ала алады деп мәлімдейді. Алаяқтар сілтеме арқылы өтіп, WhatsApp-қа "сәлем" сөзін жіберуді сұрайды екен.
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін, күдікті сілтемелер бойынша өтпеуіңізді, жеке деректеріңізді бөліспеуіңізді және тек Банктің ресми ақпарат көздеріне сенуіңізді сұраймыз", - деп хабарлады Отбасы банкінің баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.01.2023, 15:41 45271
CIS mission to observe parliamentary elections in Kazakhstan
Сурет: https://t.me/KZgovernment
Достарға айту
The CIS observation mission is set to monitor the parliamentary elections in Kazakhstan, CIS Secretary General Sergei Lebedev told the media, BelTA has learned.
"We have received an invitation from the leadership of Kazakhstan to send an observation mission to monitor the upcoming parliamentary elections slated for 19 March. We are now working on the mission. We have already prepared letters to the countries with the request to send us the candidates for the mission," Sergei Lebedev said, BelTA reports.
The CIS Plenipotentiaries Council is holding its session in the CIS Executive Committee in Minsk on 31 January. The concept of Kyrgyzstan's presidency in the CIS in 2023 and an action plan for its implementation will be presented at the meeting. The plenipotentiaries will also discuss the draft agenda of the next session of the CIS Foreign Ministers Council scheduled for 14 April in Tashkent and approve the council's work plan for 2023.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2023, 15:54 59416
Иранда зардап шеккендердің арасында ҚР азаматтары жоқ - СІМ
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Елшілікке мұндай ақпарат түскен жоқ
Астана. 30 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Сыртқы істер министрлігіне Ирандағы жер сілкінісі мен жарылыс кезінде зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат түскен жоқ. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
Иран билігінің мәліметінше, зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Елшілікке мұндай ақпарат түскен жоқ", - деді ҚР СІМ ресми өкілі.
Еске салсақ, сенбі күні Иранның солтүстік-батыс 5,9 балдық жер сілкінісі болды. Оқиғаның салдарынан екі адам қаза тауып, 816 адам зардап шеккен.
Сонымен қатар, дәл сол күні Иранның әскери инфрақұрылымдарында бірнеше қуатты жарылыс болды.
Атап айтқанда, Шахид-Салими қаласында қозғалтқыш майын шығаратын ірі зауыт өртенді.
Ұшқышсыз ұшатын аппараттар орталық провинциядағы Исфахан қаласында әскери қойма мен оқ-дәрі өндіретін орталыққа шабуыл жасаған.
Сонымен қатар Иранның батысындағы Дизфуль қаласында авиабазада жарылыс болып, елдің батысындағы Хамадан мен солтүстігіндегі Решт қалаларында өрт болған.
Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасалған.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
06.02.2023, 09:02Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын тағайындады 06.02.2023, 09:23 641Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталды06.02.2023, 08:46 256"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының матчында ЦСКА-ны жеңді06.02.2023, 09:50 86Қазақстанда полиция қызметкерлерін тексеру жүріп жатыр
30.01.2023, 15:54 59356Иранда зардап шеккендердің арасында ҚР азаматтары жоқ - СІМ02.02.2023, 09:50 54976ҚХР-дан жүктерді тиеу жөніндегі оператор қызметтердің бағасын монополиялық түрде көтерді02.02.2023, 10:27 52691Ауыл шаруашылығы министрлігі пияз тиеген ауыр жүк көліктерінің шекарада кешігуіне қатысты түсініктеме берді30.01.2023, 10:25 52546Павлодар облысының әкімі Екібастұздағы жылу энергиясы үшін төлемді қайта есептеуді қайта қарауды тапсырды02.02.2023, 12:39 52151Артық құрылымдар оңтайландырылуда - Қаржы министрлігінің басшысы Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігінің жабылуына қатысты түсініктеме берді
26.01.2023, 13:29 65931Теміртауда ЖЭО-2-де қазандық қондырғылары жөндеу жұмыстарына тоқтатылды12.01.2023, 13:34 65576Қазақстанда 23 қаңтардан бастап шетелдік автомобильдерді заңдастыру басталады26.01.2023, 11:42 65176Алматының Әуезов ауданындағы су құбыры және кәріз желілерінің тозуы 80%-дан асады12.01.2023, 12:02 65146Назарбаев құрметті сенатор атағынан айырылды12.01.2023, 12:49 64411ҚР-да колледж студенттеріне демалыс уақытында жол ақысы растайтын құжаттарсыз төленетін болды