20.12.2022, 19:32 10736

Журналист Михаил Козачков екі айға қамауға алынды

Журналист Михаил Козачков екі айға қамауға алынды
Сурет: Depositphotos
Сот екі ай мерзімге - 18 ақпанға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады

Астана. 20 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматының Тергеу соты журналист Михаил Козачковты екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды.
 

Тергеу сотының қаулысымен тергеу органдарының 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни, 2023 жылдың 18 ақпанына дейін",- делінген сот хабарламасында.

 
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу құпия түрде жүзеге асырылғандықтан, тергеп-тексеруге қатысты өзге де мәліметтер жарияланбайды.
 
Еске салсақ, журналистер Козачковтың ұсталуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентіне жүгінген болатын.
 
 "Время" газетінің редакциясы журналистің ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады.
 
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдары журналист Михаил Козачковқа қатысты тергеу жүргізу бойынша бірқатар БАҚ өкілдерінің үндеуінде келтірілген уәждерді тексеруге кірісті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны