31.12.2022, 13:08 38521

ТЖМ бөлімшелері Жаңа жыл қарсаңында қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды

Үш мыңнан астам құтқарушы Жаңа жыл қарсаңында тәртіпті қадағалайтын болады
ТЖМ бөлімшелері Жаңа жыл қарсаңында қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды
Сурет: gov.kz
Астана. 31 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдарының ықтимал төтенше жағдайлар мен оқиғаларға жедел ден қоюға дайындығын қамтамасыз ету мақсатында мереке және демалыс күндері Қазақстан Республикасы ТЖМ бөлімшелері күшейтілген қызмет атқару режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
 

ТЖМ-нің бүкіл құтқару корпусы күшейтілген режимде дайындықта тұр, оның ішінде 3 000-нан астамы жедел ден қоюға әзірлікке келтіріліп, қызмет атқаруда. Бұл өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының өрт сөндірушілері, жедел-құтқару жасақтарының құтқарушылары, ТЖМ әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері, құтқару авиациясының ұшу құрамы, сейсмологтар, психологиялық қызметтердің өкілдері, диспетчерлік қызметтердің жедел кезекшілері", - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

 
Сонымен қатар, шамамен 1 200 бірлік құтқару техникасы жедел ден қоюға дайындықта тұр.
 
Барлық бөлімшелерде күштер мен құралдар тексеруден өткізілді.
 
ТЖМ азаматтарды жаңа жылдық мереке күндері қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді, қажет болған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыздар.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны