04.01.2023, 11:28 22741

Елорда әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты 30-ға жуық рейс кешігіп жатыр

Жолаушылардан абай болуды, сондай-ақ өзекті ақпаратты әуекомпаниялар мен әуежайдың анықтама бөлімінен білуді сұрайды
Астана. 4 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Елордада ауа райының қолайсыздығынан ұшақтар кешігіп жатыр.

Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмыс штаттық режимде жүріп тұр, дегенмен кейбір әуе рейстері кешігуде.

Қазір қонуы тиіс 10 рейс, ал ұшып кетуі тиіс 18 рейс кешігіп жатыр. Оған себеп ауа райының қолайсыздығы", - дейді елорда әуежайынан.


Сондай-ақ, әуежайдың ұшу-қону жолағын қардан тазарту жұмысы үздіксіз жүргізілуде.

Жолаушылардан абай болуды, сондай-ақ өзекті ақпаратты әуекомпаниялар мен әуежайдың анықтама бөлімінен білуді сұраймыз", - делінген хабарламада.


Бұған дейін Air Astana әуекомпаниясында рейстердің тоқтатылуы немесе кешігуі туралы ескертілген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, елордада күтілетін төмен қарлы боранға байланысты дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер қар жауады деп болжап отыр. Ауа температурасы күндіз -5-7°С, желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны