25.08.2021, 16:32 9420

Ақмола облысында заманауи көпфункционалды балалар алаңдары ашылды

КӨКШЕТАУ. 25 ТАМЫЗ - Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және Конституция Күні қарсаңында Ақмола облысы Біржан сал ауданының Андықожа батыр және Еңбекшілдер ауылдарында балалар спорт және ойын алаңдары ашылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Заманауи нысандар Nur Otan партиясының "Өзгерістер жолы: барлығына лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасы аясында және Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қолдауымен салынды, деп хабарлайды облыс ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.
 
Ведомствода кешенді алаңдарға футбол, баскетбол, волейбол алаңдары, балалар ойын алаңдары мен стрит-воркаут алаңдары кіретіні айтылды.
 

Бүгінде мемлекет бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды дамыту үшін барлық қажетті жағдайларды жасауда. Қазіргі уақытта салауатты өмір салтын ұстануға көбірек бейім өскелең ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінеді. Тәуелсіздіктің мерейтойлық жылында ауданымызда жастар мен балалар үшін жаңа заманауи демалыс нысандары ашылуының символдық мәні бар. Бұл спорт ғимараттары ауыл жастарының бос уақытын өткізетін сүйікті орнына айналатынына және ауданда дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын дамытуға қосымша түрткі болатынына сенімдімін", - деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде өңір басшысы.

 
Іс-шара барысында аудан әкімі жергілікті жастар командаларына спорттық киімдер жиынтығын, баскетбол және футбол доптарын сыйға тартты.
 
Іс-шараға қатысқан ақсақалдар ауыл тұрғындарын жаңа нысандарға ұқыпты қарауға және оларды мақсатты пайдалануға шақырды.
 

Жақын арада ауданда Макинка ауылында осыған ұқсас тағы бір алаң ашылады. Келесі жылы Кеңащы, Жөкей, Сәуле және Алға ауылдарында төрт балалар ойын алаңын салу жоспарлануда", - деп толықтырды басқармада.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны