07.12.2021, 19:46 43485

Алексей Цой Омикрон штаммына байланысты жаңа шектеулердің ықтималдығы туралы түсінік берді

Алексей Цой Омикрон штаммына байланысты жаңа шектеулердің ықтималдығы туралы түсінік берді
НҰР-СҰЛТАН. 7 ЖЕЛТОҚСАН - Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда "омикрон" штамына байланысты қандай шектеулер болуы мүмкін екенін және вирус туралы не белгілі екенін айтты.
 

Қазіргі уақытта ең бастысы - мониторинг мәселесі, өйткені штамм әзірге ("омикрон" штамы - ескерт.) зерттелмеген. Білесіздер, штамдар дүние жүзінде шашыраңқы, олар көп және әртүрлі - "лямбда", Eta штамы. Әр штамға ерекше назар аударылады. Оның әлемде, әсіресе алғаш рет анықталған елдерде қалай тарайтынын түсіну маңызды", - деді министр.

 
Цой Женевада өткен кездесуде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры бұл штамды зерттеу үшін жұмыс тобы құрылғанын айтқанын еске салды.
 

Ең бастысы, оның пандемия тудырмауы. Яғни штамның ел ішінде басым жағдайға ие болмауы. Мысалы, "дельта" штамы дүниежүзінде 80-90 пайыз, пайда болған жерде ол басым жағдайға ие болды. Сондықтан қазір бүкіл әлем қауымдастығының міндеті штамның қаншалықты жұқпалы екенін, оның қалай әрекет ететінін, оның қандай клиникалық көріністері бар және қаншалықты жұқпалы, адамдарға қауіпті екенін дәл анықтау. Әзірге сенімді деректер жоқ", - деді Денсаулық сақтау министрі.

 
Сонымен қатар, министр елде ПТР-нәтижесі оң, шетелден ұшып келген азаматтардан материал жинау жалғасып жатқанын атап өтті. Алынған үлгілер вирустардың қандай штамм түріне жататынын анықтау үшін секвенирлеуге жіберіледі.
 
Министрдің айтуынша, жақын арада нәтиже дайын болады және "соның негізінде белгілі болады".
 

Тағы да айтамын, бұл (елдегі шектеулер - ескерт.) вирустың қауіпіне байланысты. Егер вирус агрессивті болса, көп жағдай тіркелсе, ең бастысы ол ("омикрон" штамы - ескерт.) ауыр ауру тудырса, онда әрине, қосымша шектеулер болады. Бірақ тұтастай алғанда, вирустың барлық штамының тактикасы бірдей. Ең бастысы, ПТР-сынамасы вирус "омикрон" немесе басқа штамм екенін ажырата алады. Оны ПТР анықтай алады. Оны анықтауға болатыны ең маңызды нәрсе. Емдеу, негізінен, бірдей. Қазір тіпті "омикрон" анықталған елдерде де, басқа штамдар сияқты, бірдей емделеді. Сондықтан бұл жерде, негізінен, жүйе дайын", - деп түйіндеді Алексей.

 
24 қарашада ғалымдар Оңтүстік Африкада – Оңтүстік Африка мен Ботсванада коронавирустың жаңа штамын анықтады. Оған гректің "омикрон" әрпі берілді. Бұл COVID-19-дың кез келген басқа нұсқасынан, соның ішінде "дельта" штамынан да қауіпті болуы мүмкін екені айтылды. Жаңа штамм құрамында 32 мутация бар.
 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны