28.04.2021, 20:32 14334

Алматы ҚДБ вакцинацияның электрондық паспорттарын сату туралы ақпаратқа түсініктеме берді

АЛМАТЫ. 28 СӘУІР - Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы вакцинация паспорттарын делдалдар арқылы сату туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бірқатар БАҚ-та "вакцинациядан өту туралы электрондық паспорттарды сату бойынша жаңа бизнес" туралы материал шықты. Қоғамдық денсаулық басқармасы мұндай әрекеттің қылмыстық сипатта екенін және заңмен қудаланатынын ресми түрде хабарлайды. Осы факті бойынша жарияланған сәттен бастап арнайы қызметтік тергеу басталды. Қазіргі уақытта вакцинациядан өткені туралы электронды төлқұжат берілгені расталмады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінде.

 
Аталып өткендей, барлық медициналық ұйымдар мен РЭДО-ның ақпараттық жүйелері мен дерекқорларын толық салыстыру басталды.
 

Аталған ақпарат расталған жағдайда тергеу қорытындысы ҚР Заңына сәйкес шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына берілетін болады. Сонымен қатар ҚДБ вакцинациялау мәселелері бойынша ақпараттық жүйелерге рұқсаты бар қызметкерлермен алдын алу іс-шараларын жүргізеді. Қызметтік тергеу барысы туралы ақпарат алынуына қарай баяндалатын болады", - делінген хабарламада.

 
 "Евразия" бірінші арнасының сюжетінде хабарланғандай, делдал Алматыдағы бірнеше клиникалардың атынан вакцинациядан өткені туралы электронды төлқұжат ұсынады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны