18.05.2022, 14:46 10966

Алматы хайуанаттар бағында қонжық дүниеге келді

Оның ата-анасы - Яшин мен Уссури бізге өткен жылдың мамыр айында Ресейден әкелінді.
Алматы хайуанаттар бағында қонжық дүниеге келді
Сурет: хайуанаттар бағының бейнесінен скриншот
АЛМАТЫ. 18 МАМЫР - Алматы хайуанаттар бағында қонжық дүниеге келді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы хайуанаттар бағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Біз тағы бір жақсы жаңалығымызбен бөліспекпіз. Зообағымызда гималай қонжығы туылды. Оның ата-анасы - Яшин мен Уссури бізге өткен жылдың мамыр айында Ресейден әкелінді. Бұл осы аюлар жұбындағы тұңғыш төл. Біз бұған ерекше қуаныштымыз", - деп хабарлады хайуанаттар бағында.

 
Кішкентай қонжық 18 қаңтарда туылған. Бес айдай ол анасымен арнайы бөлмеде тұрды. 
 

Осы кезеңде біз анасы мен қонжықты мазаламадық. Уссури өз қонжығына ерекеше мейірім көрсетіп, өсіріп келеді. Қонжық өсіп, жетіліп, күш-қуат жинаған соң ғана олар үлкен қоршауға ауыстырылды", - деп атап өтті хайуанаттар бағында.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны