03.11.2021, 16:27 69067

Алматы метросында пойыздар қозғалысының интервалы қысқартылды

Алматы метросында пойыздардың қозғалыс аралығы 3 қарашадан бастап 7 минутқа дейін қысқарады.
АЛМАТЫ. 3 ҚАРАША - Алматы метросында пойыздардың қозғалыс аралығы 7 минутқа дейін қысқарады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "МЕТРОПОЛИТЕН" КМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
2021 жылғы 3 қарашадан бастап Алматы қаласының метрополитенінде пойыздар қозғалысының аралығы қысқартылады.
 

Жолаушылар ағынының ұлғаюына және жолаушылардың көптеген өтініштеріне байланысты, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Алматы қаласының метрополитенінде пойыздар қозғалысының аралығы қарбалас уақытта 10 минуттан 7 минутқа дейін қысқарады", - делінген Алматы метрополитенінің сайтында жарияланған хабарламада.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны