12.07.2021, 23:34 10140
Алматыда COVID-19 бойынша жағдай "дельта" штамм салдарынан нашарлауда
Достарға айту
Ж. Бекшиннің айтуынша, өткен тәулікте Алматыда қауіпті індетті жұқтырған 638 жаңа жағдай тіркелді. Бұл – биылғы жаздағы антирекорд. Маусым айының соңғы күндері ауруға шалдыққан 600 жағдай анықталды. Бұл коронавирустың "үнді" штаммының таралуымен байланысты.
Жыл басынан бері қалада коронавирус инфекциясын жұқтырған 60 мыңнан астам жағдай тіркелді. Шілде айының басынан бері 4 610 адам қауіпті індетке шалдыққан. Ал өткен аптада 3 085 жағдай тіркелді. Алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,4 есе артық", –деді Алматының Бас санитарлық дәрігері.
Ж. Бекшин жаңа "дельта" нұсқасы аса жұқпалы және оның клиникалық сипаты ауыр екенін айтты.
Өздеріңіз білетіндей кезекті зерттеулерде "дельта" коронавирусының айналымдағы нұсқалары 78-80% басым дәрежеде, "альфа" ("Британдық") -16%, СOVID-19 ("Ухань") - 3% құрайды. Өткен 7 күнде "симптомдық" науқастардың үлес салмағы 2 есеге, яғни 53%-дан 88%-ға дейін өсті. "Симптомдардың" үлесінің артуы ауыр клиникалық көріністерді тудыратын "дельта" патогендік нұсқасының таралуымен байланысты", - деді қаланың бас санитарлық дәрігері.
Ж. Бекшин Алматыдағы эпидемиологиялық ахуалға жүргізілген мониторинг қорытындылары туралы айтты. Талдау нәтижесінде, соңғы екі аптада балалар мен жастар вирус жұқтырған. 14 жасқа дейінгі балалардың 13% инфекция жұқтыруға бейім.
Ең үлкен алаңдаушылық 20 жастан 40 жасқа дейінгі азаматтар арасында сырқаттанушылықтың өсуі 3,4%-ға ұлғайып, осы жылы ең жоғары деңгейге жетті (39%). Сондай-ақ 40 пен 59 жас аралығында 25% деңгейді құрайды. Яғни әрбір 4-ші жұқтырған адам", – деді Ж. Бекшин.
Осы деректермен қатар, 60 жастан асқан адамдар арасында жұқтырудың үлес салмағы олардың иммундау және екпе алу нәтижесінде 1,6%-ға төмендегені байқалады.
Алматының бас санитарлық дәрігері коронавирустың жаңа штаммының тез таралатынын әрі қала тұрғындарының денсаулығы үшін қауіпті екенін ескертті. Сондай-ақ Ж. Бекшин бетперде режимін сақтауды әрі оны жиі ауыстыру қажет екендігін ескертті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.12.2025, 11:53 15406
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы "Түзелу жолы" гайд-турын ұйымдастырды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы "Заң мен Тәртіп" идеологиясы аясында есепте тұрған адамдар үшін "Түзелу жолы" деп аталатын шынайы әрі қажет гайд-тур ұйымдастырды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.
Іс-шара ШҚО ҚАЖД №17 мекемесінің базасында өтті, онда пробациялық және профилактикалық есепте тұрған азаматтар темір тордың ар жағындағы өмірмен өз көздерімен танысты.
Гайд-турдың басты мақсаты - есептегі азаматтарға заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға және өмірлік бағыт-бағдарын түбегейлі өзгертуге көмектесу.
Тур барысында қатысушылар заң бұзғандардың қандай салдарға тап болатынын және қандай қатал жағдайларда өмір сүретінін өз көздерімен көрді. Бұл олардың қателіктің құны қандай екенін түсінуге мүмкіндік берген көрнекі сабақ болды.
Гайд-тур кезінде прокурорлар ең маңызды жайттарға назар аударды:
- Құқықбұзушылықтың алдын алу: Заңды қайталап бұзудың оқшаулауға әкелу себептері.
- Жазаның бұлтартпастығы: Заңсыз әрекеттердің болашаққа және өмірлік мақсаттардың жүзеге асуына қалай қауіп төндіретіні.
Сонымен қатар, олардың санасында оң өмірлік құндылықтарды, заңға құрметпен қарауды және конструктивті жолды таңдауды нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 16:44 21951
Жастар қауіпсіздігіне арналған "Студенттер заң үшін" галстуксыз форматтағы форум
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Облыс прокуратурасы мен облыс әкімдігі қоғамда "Заң мен тәртіп" идеологиясын ілгерілету жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайдыШығыс Қазақстан облысының әкімдігі.
Ерекше назар жасөспірімдер мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға аударылуда. Өйткені олар жеткіліксіз хабардар болуына немесе "әдемі өмірдің" арбауына түсу қаупіне байланысты құқыққа қайшы әрекеттерге тартылып кетуі мүмкін.
Әңгіме алаяқтық, дропперлік, есірткі қалдыру, сондай-ақ буллинг пен лудомания сияқты қылмыстар туралы болып отыр. Осыған байланысты кезекті іс-шара, ашық диалог форматында 3 университет пен 20 колледждің студенттерімен өткізілді. Кездесу "галстуксыз" ашық диалог форматында қызу өтті.
Диалогтың негізгі ұрандары: "Заң мен тәртіп әр адамнан басталады", "Құқықтық тәртіп - дамыған қоғамның кепілі", "Жастар - Қазақстанның болашақтың заңды мұрагерлері".
Студенттер мен олардың кураторлары прокурорларға, Өскемен қаласы Полиция басқармасының бастығына, қала әкімінің орынбасарына түрлі тақырыптарда белсенді түрде сұрақтар қойды.
Аудиторияны негізінен интернет-алаяқтықтан қорғану, киберқылмыстар, өзге тұлғаларға ИП ашу тәуекелдері, сондай-ақ банк карталарын бөгде адамдарға беру мәселелері қызықтырды.
Жеке деректердің таралуы, балаларды тыйым салынған контенттен қорғау, облыс орталығы көшелерінің абаттандырылуы мен жарықтандырылуы сияқты сұрақтар да көтерілді.
Барлық сұрақтарға спикерлер жан-жақты жауап берді. Сонымен қатар, анонимді форматта блиц-сауалнама жүргізіліп, студенттер қағаз жүзінде және QR код арқылы 100-ден астам сұрақ пен ұсыныс жолдады.
Студенттерді прокуратурада жұмысқа орналасу үшін қажетті дағдылар, медициналық қызмет сапасын арттыру және басқа да мәселелер қызықтырды. Жекелеген сұрақтар мен ұсыныстар сол жерде талқыланып, пікірлер берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша әрбір білім беру мекемесінде студенттік "Заң. Тәртіп. Болашақ" қозғалысын құру туралы шешім қабылданды. Бұл қозғалыс студенттер қауымдастығының құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға қатысуға бағытталған. Кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.12.2025, 21:04 6326
Қазақстан Жасыл климат қорының басшысын Астанада өтетін Өңірлік климаттық саммитке шақырды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов "Жасыл климат қорының" (GCF) Атқарушы директоры Мафальда Дуарте GCF Достары тобының кезекті отырысы аясында кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар экология саласындағы ынтымақтастық перспективалары жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, ү.ж мамырда М.Дуартенің Қазақстанға жасаған сапарының нәтижелері талқыланды. Сапар аясында GCF басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, Саран қаласындағы күн электр станциясына барған болатын.
Қазақ дипломаты Қор басшысына Мемлекет басшысының 2026 жылғы сәуірде Астанада БҰҰ агенттіктерінің қолдауымен өтетін Аймақтық климаттық саммитке ресми шақыруын табыстады.
М.Дуарте Қазақстанмен экология және климат өзгерісі саласындағы ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін ынтымақтастықты дамыту маңызды екенін атап өтті.
Тараптар одан әрі ықпалдастықты нығайту мақсатында диалогты жалғастыруға келісті. Қазақстанның GCF-пен өзара іс-қимыл тәжірибесі құны 216,5 млн АҚШ долларын құрайтын 5 жобаны қамтитынын атап өткен жөн.
Жасыл климат қоры" (GCF) 2010 жылы Канкун келісімдері аясында климаттың өзгеруіне бейімделу және парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша дамушы елдерді қолдау үшін құрылған. Қор БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының (UNFCCC) және Париж келісімінің қаржылық тетігі болып табылады.
2015 жылы алғашқы жобаны қаржыландыру мақұлданған сәттен бастап, GCF бүгінде 100-ден астам жобаны қамтитын ауқымды портфель қалыптастырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.12.2025, 19:59 6556
Ыстанбұлда жаңа академиялық және ғылыми-зерттеу альянстарын құру перспективалары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ыстанбұлда Түркияның жетекші университеттерінің 25-тен астам ректорлары мен өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Жолдауына арналған кеңейтілген дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстанның стратегиялық басымдықтарын іске асыруда жоғары білім мен ғылымның рөлін талқылайтын сараптамалық алаңға айналды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Пікір алмасу барысында Мемлекет басшысы айқындаған бастамалар - жасанды интеллектті дамыту, өнеркәсіпті цифрлық жаңғырту, экономиканың тұрақтылығын арттыру және білім беру стандарттарын трансформациялау жөнінде жан-жақты шолу ұсынылды.
Қатысушылар Жолдау жаңа технологиялық құрылым қалыптастыру және адами капиталды нығайту жөніндегі айқын бағытты көрсететінін атап өтті.
Кездесуде Қазақстан мен Түркия университеттері арасында жасанды интеллект, цифрлық зерттеулер және инновациялық экономикаға бағытталған жаңа академиялық және зерттеу альянстарын құру мәселесі талқыланды. Түрік ғалымдары Президент Қ. Тоқаевтың Жолдауы ғылым мен технологиялардың жаһандық даму үрдістеріне толық сәйкес келетінін атап өтті.
Ерекше назар болашақ салалар үшін мамандар даярлау, ғылыми инфрақұрылымды жетілдіру және екі ел университеттерін өңірдің ортақ инновациялық экожүйесіне интеграциялау мәселелеріне аударылды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға және Жолдауда қойылған міндеттердің орындалуына ықпал ететін бірлескен бағдарламаларды іске асыруға дайын екендіктерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 17:18 56666
"Shymbulak"-та қысқы маусым ашылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Алматыда қысқы туристік маусым басталды. Қала жыл бой туристік орталық ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді, ал таулы аймақтарға қызығушылық жазда да, қыста да тұрақты түрде жоғары. 2025 жылы қаңтар-қараша айларында Іле-Алатау ұлттық саябағына 901 мың адам, ал қаңтар-қазан аралығында Shymbulak курортына 1,1 млн турист келген. 2025 жылдың жазында Shymbulak 450 мыңнан астам қонақты қабылдады. Бұл таудағы демалысқа деген сұраныстың жыл бойына жоғары екенін көрсетеді, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Қысқы кезеңдегі басты туристік нысан дәстүрлі түрде - 6 желтоқсанда маусымды ресми түрде ашқан Shymbulak тау-шаңғы курорты. Курорт Орталық Азиядағы жетекші бағыттардың бірі саналады. Өткен маусымда мұнда 1,5 млн адам келді, ал халықаралық басылымдар Shymbulak-ты әлемдегі ең үздік 5 тау шаңғысы бағыттарының қатарына енгізді.
Жаңа маусымда Shymbulak туристік белсенділік аясын кеңейтеді. Le Mont алаңында әр сенбі сайын күндізгі après-ski өтеді. Қазірдің өзінде Талғар, Жасыл Алаң, Ақ Аю және Ақбарсық трассалары ашық. Қосымша беткейлер мен Талғар асуынан түнгі сырғанау алаңдары ауа райы тұрақты суытқан сәттен бастап іске қосылады.
2025 жылдың үш тоқсанында Алматыға 563 мың шетелдік турист келді, ал жыл соңына қарай олардың саны 750 мың адамға дейін артпақ. Осы жағдайды ескере отырып Shymbulak қонақтарды қабылдауға толық дайын: бес ай бойы шаңғы маусымы, мазмұнды іс-шаралар бағдарламасы және таудағы демалысқа ыңғайлы инфрақұрылым ұсынылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.12.2025, 13:54 77421
Алаяқтар тактикасын өзгертуде: Жәбірленушілер өздері байланысқа шығады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі Комитет) Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша алаяқтар жаңа шабуыл толқынын іске қосып, жеткізу қызметтері, басқарушы компаниялар және банктер атынан хаттар мен SMS-хабарламалар жіберуде. "Авторизациядағы қате", "домофонды ауыстыру" немесе "есептегіштерді тексеру" деген сылтаумен қаскүнемдер азаматтарды олардың өздерін қайта қоңырау шалуға мәжбүрлейді.
Нәтижесінде, ештеңеден күдіктенбейтін тұрғындар кибералаяқтарға әлеуметтік инженерия құралдарын қолдануға жағдай жасайды.
Мыналарды ұсынамыз:
- сақтық танытып, беймәлім кіріс хат-хабарлар мен қоңырауларға сыни көзқараспен қарау;
- ұйымдардың ресми сайттарында көрсетілген телефон нөмірлеріне ғана қайта қоңырау шалу;
- екі факторлы аутентификацияны пайдалану;
- банк карталарының деректерін, SMS арқылы келетін бір реттік кодтарды және өзге де құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеу.
Қырағы болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2025, 12:20 110411
46 жалған диплом: дипломдар енді тек QR-код пен бірегей нөмір арқылы тексеріледі
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазіргі таңда интернет кеңістігінде жалған дипломдар туралы түрлі ақпарат кеңінен таралып жатыр. Құжаттардың заңсыз айналымының алдын алу мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 1991 жылдан бері берілген дипломдардың деректер базасын құрды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен.
Министрлік білім беру туралы құжаттардың өзіндік үлгісінің мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды, сондай-ақ жоғары оқу орындары түлектеріне арналған осындай құжаттардың серияларын бекітті.
Дипломдар арнайы модуль арқылы бірегей нөмірлер мен QR-кодтар беру жолымен қалыптастырылады. Жүйеге қол жеткізу құқығы осы модульде тіркелген, ресми түрде жауапты университет қызметкерлеріне ғана беріледі.
Дипломдарды генерациялау "Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы" (ЖББП) ақпараттық жүйесіндегі білім алушылар туралы деректер негізінде жүзеге асырылады. Егер білім алушы туралы ақпарат ЖББП-да болмаса, диплом нөмірін қалыптастыру мүмкін емес.
Өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттарда генерацияланған бірегей нөмір мен QR-код болмаған жағдайда мұндай құжаттар жарамсыз деп танылады.
Сонымен қатар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және ҚР Ішкі істер министрлігі жалған дипломдарды дайындау және сату фактілерін тұрақты түрде бақылап, тоқтатып отырады. ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабына сәйкес жалған құжаттарды жасау немесе қолдану айыппұл салуға, түзеу жұмыстарына немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыруға әкеп соғады.
Бүгінгі таңда 46 жалған диплом және оларды заңсыз дайындаумен айналысқан 20 интернет-ресурс анықталды. Материалдар ІІМ мен МАМ-ға жолданды.
Сонымен қатар жоғары оқу орындары деректерді цифрландыру жұмысын жалғастырады, ал жұмыс берушілер дипломның түпнұсқалығын https://epvo.kz сервисі арқылы тексере алады. Дипломның электрондық нұсқасы электрондық үкіметтің ("Цифрлық құжаттар") мобильді қосымшасында да қолжетімді.
Жалған дипломдарды жасау немесе пайдалану заңмен қатаң жазаланатынын ескертеміз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2025, 13:38 115871
Сауда министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесін кеңейту туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ҚР Сауда және интеграция министрлігі "Ашық НҚА" порталында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы №166-НҚ "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс енгізу жөніндегі бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұйрық жобасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қазіргі тізбесін кеңейту көзделген. Бұған дейін тізбеде 19 атау болса, жаңа жобада олардың санын 33-ке дейін арттыру ұсынады.
Бұйрық жобасына сәйкес жаңартылған тізбеге қызанақ, қияр, алма, сиыр еті сүйегімен, сүйексіз сиыр еті, тартылған ет, қой еті сүйегімен, жаңа немесе салқындатылған балық, мұздатылған балық, ультрапастерленген сүт, қаймақ, қатты ірімшік, қара шайды қосу көзделген. Әр позиция бизнес қауымдастықпен, кәсіпкерлер палатасымен және мемлекеттік органдармен қосымша талқылаудан өтеді.
Тізбені уақытша кеңейтудің негізгі мақсаты - халықтың күнделікті тұтынатын басты азық-түлік өнімдеріне қолжетімділігін арттыру және олардың бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
ӘМАТ тізбесін кеңейту - уақытша қолданылатын шара. Ол аталған тауарлардың бағасын қалыптастыру үдерісінің ашықтығын арттыруға және жоғары үстеме баға қоятын өнімсіз делдалдарды айналымнан шығаруға бағытталған. Бұл өзгерістер аталған тауарларды өндірушілер үшін өндіріс көлемін ұлғайту мен өндіріс қуатын кеңейтуге қосымша ынталандыру болады.
Тауарлардың ӘМАТ тізбесіне енгізілуі өндірушілер мен импорттаушыларды сауда желілеріне сыйақы мен ретробонустар төлеу міндетінен босатады. Бұл өз кезегінде тауарлардың түпкілікті бағасын төмендетуге және бизнестің қаражаттын өз қызметін дамытуға бағыттауына мүмкіндік береді.
Тізбеге енгізілген тауарларды өндірушілер мемлекеттік қолдаудың бірқатар шараларына, мәселен әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеңілдетілген тарифпен тасымалдау, коммуналдық қызметтер бойынша бекітілген тарифтер, жеңілдетілген айналым қаражаты және өзге де қолдау құралдарына қол жеткізе алады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ұсынылып отырған тізбесі:
1. Бірінші сұрыпты бидай ұны
2. Бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған бидай наны (пішінді)
3. Рожки (өлшеніп салынатын)
4. Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
5. Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын )
6. Картоп
7. Ас сәбізі
8. Пияз
9. Ақ қауданды орамжапырақ
10. Қызанақ
11. Қияр
12. Алма
13. Қант - құмшекер
14. Күнбағыс майы
15. Сүйегі бар сиыр еті
16. Сүйексіз сиыр еті
17. Тартылған ет
18. Сүйегі бар қой еті
19. Сүйегі бар жылқы еті
20. Жаңа ауланған немесе салқындатылған балық (таран, теңге балық, көксерке, шортан, сазан, ақсақа)
21. Мұздатылған балық (көксерке, минтай, хек, камбала, скумбрия, сазан)
22. Тауық еті (жамбасы, сирақ, тауық сан еті)
23. Тауық
24. 2,5% майлылықтағы жұмсақ қаптамадағы пастерленген сүт
25. Ультрапастерленген, стерилденген сүт
26. 2,5% майлылықтағы айран
27. Қаймақ
28. 5-9% майлылықтағы сүзбе
29. Қатты ірімшік
30. Сары май (тұзсыз, кемінде 72,5% майлылық, қоспасыз және өсімдік майларынсыз)
31. Тауық жұмыртқасы (I санат)
32. Қара шай
33. Ас тұзы ("Экстра" санатынан басқа)
Сауда және интеграция министрлігі барлық мүдделі азаматтарды, бизнес өкілдерін және сарапшыларды "Ашық НҚА" порталындағы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға белсенді қатысуға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.12.2025, 16:55Қазақстан мен Сауд Арабиясы тау-кен металлургия кешені саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 09.12.2025, 14:10 120201Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды09.12.2025, 16:14 Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды120011Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды10.12.2025, 15:52 119906Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымымен стратегиялық байланысты нығайтуда10.12.2025, 14:49 117801Қазақстан Душанбеде өткен қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты
19.11.2025, 16:26 146951Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 146596Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады19.11.2025, 13:23 145801Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады19.11.2025, 12:42 130981Олжас Бектенов вирустық аурулар маусымында көмекке жүгінген азаматтарға медициналық қызмет көрсету сапасын қатаң бақылауға алуды тапсырды19.11.2025, 11:39 130761Премьер-министр өрттің, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды

