11.11.2022, 14:16 26906

Алматыда марафонға байланысты жолдардың бір бөлігі 13 қарашада жабылады

Бұл күні сағат 04:00-ден 11:00-ге дейін жарыс өтетін жерлердегі жолдағы қозғалыс ішінара жабылады.
Алматыда марафонға байланысты жолдардың бір бөлігі 13 қарашада жабылады
Сурет: CityRun ұйымдастыру комитеті
Алматы. 11 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Жексенбі, 13 қараша күні "City Run 2022" қалалық жарысы өтеді. Бұл күні сағат 04:00-ден 11:00-ге дейін жарыс өтетін жерлердегі жолдағы қозғалыс ішінара жабылады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
 
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс "Астана" алаңынан басталады. Спорт әуесқойларына 2 қашықтық ұсынылған – 10 км және 5 км скандинавиялық жүріс.
 
Келесі учаскелердің жабылуы туралы хабарланды:
 
  • Төле би көшесі Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейін сағат 04.00-ден 11.00-ге дейін жабылады;

  • Төле би көшесі Наурызбай батыр көшесінен Абылай хан даңғылына дейін 07.45-тен 09.40-қа дейін жабылады;

  • Наурызбай батыр көшесі бойынша Төле би көшесінен Шевченко көшесіне дейін сағат 08.00-ден 09.30-ға дейін жабылады;

  • Шевченко көшесі бойынша Наурызбай батыр көшесінен Панфилов көшесіне дейін 08.05-тен 09.20-ға дейін жабылады;

  • Панфилов көшесі бойынша Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін 08.15-тен 09.45-ке дейін жабылады;

  • Бөгенбай батыр көшесі Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейін 08.15-тен 09.45-ке дейін жабылады;

  • Абылай хан даңғылы бойынша Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін 08.15-тен 09.45-ке дейін жабылады.
 
Мәліметтер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытын ұтымды бөлуді ескере отырып енгізілді, деп түсіндірді ұйымдастыру комитеті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны