08.06.2021, 20:30 19127
Алматыда тұрғын үйлердің жанындағы цемент зауытында жарылыс болды
Достарға айту
Оқиға туралы ақпарат пен бейнені Facebook-те белсенді Салтанат Ташимова жариялады.
Үйлер цементпен жабылды! Жарылыс цемент зауытында болды. Бұл экоцид! Үйлер зауытқа жақын орналасқан, тұрғын үйлер 60-шы жылдары, ал зауыт 2016 жылы салынған! Тұрғындар зауытты көшіруді талап етеді", - деп жазады автор.
Жарияланымға түсініктемелерде пайдаланушылар жарылыс 7 маусымда болған деп жазады.
Бүгін, 7 маусым 2021 жылы, біздің көшеде ақырзаман. Бұл қорқынышты, біз қалай ұйықтаймыз. Цемент шаңы барлық жерде", - деп шағымданады жақын маңдағы тұрғындар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
05.12.2025, 12:20 8131
46 жалған диплом: дипломдар енді тек QR-код пен бірегей нөмір арқылы тексеріледі
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазіргі таңда интернет кеңістігінде жалған дипломдар туралы түрлі ақпарат кеңінен таралып жатыр. Құжаттардың заңсыз айналымының алдын алу мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 1991 жылдан бері берілген дипломдардың деректер базасын құрды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен.
Министрлік білім беру туралы құжаттардың өзіндік үлгісінің мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды, сондай-ақ жоғары оқу орындары түлектеріне арналған осындай құжаттардың серияларын бекітті.
Дипломдар арнайы модуль арқылы бірегей нөмірлер мен QR-кодтар беру жолымен қалыптастырылады. Жүйеге қол жеткізу құқығы осы модульде тіркелген, ресми түрде жауапты университет қызметкерлеріне ғана беріледі.
Дипломдарды генерациялау "Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы" (ЖББП) ақпараттық жүйесіндегі білім алушылар туралы деректер негізінде жүзеге асырылады. Егер білім алушы туралы ақпарат ЖББП-да болмаса, диплом нөмірін қалыптастыру мүмкін емес.
Өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттарда генерацияланған бірегей нөмір мен QR-код болмаған жағдайда мұндай құжаттар жарамсыз деп танылады.
Сонымен қатар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және ҚР Ішкі істер министрлігі жалған дипломдарды дайындау және сату фактілерін тұрақты түрде бақылап, тоқтатып отырады. ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабына сәйкес жалған құжаттарды жасау немесе қолдану айыппұл салуға, түзеу жұмыстарына немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыруға әкеп соғады.
Бүгінгі таңда 46 жалған диплом және оларды заңсыз дайындаумен айналысқан 20 интернет-ресурс анықталды. Материалдар ІІМ мен МАМ-ға жолданды.
Сонымен қатар жоғары оқу орындары деректерді цифрландыру жұмысын жалғастырады, ал жұмыс берушілер дипломның түпнұсқалығын https://epvo.kz сервисі арқылы тексере алады. Дипломның электрондық нұсқасы электрондық үкіметтің ("Цифрлық құжаттар") мобильді қосымшасында да қолжетімді.
Жалған дипломдарды жасау немесе пайдалану заңмен қатаң жазаланатынын ескертеміз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2025, 13:38 13661
Сауда министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесін кеңейту туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ҚР Сауда және интеграция министрлігі "Ашық НҚА" порталында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы №166-НҚ "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс енгізу жөніндегі бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұйрық жобасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қазіргі тізбесін кеңейту көзделген. Бұған дейін тізбеде 19 атау болса, жаңа жобада олардың санын 33-ке дейін арттыру ұсынады.
Бұйрық жобасына сәйкес жаңартылған тізбеге қызанақ, қияр, алма, сиыр еті сүйегімен, сүйексіз сиыр еті, тартылған ет, қой еті сүйегімен, жаңа немесе салқындатылған балық, мұздатылған балық, ультрапастерленген сүт, қаймақ, қатты ірімшік, қара шайды қосу көзделген. Әр позиция бизнес қауымдастықпен, кәсіпкерлер палатасымен және мемлекеттік органдармен қосымша талқылаудан өтеді.
Тізбені уақытша кеңейтудің негізгі мақсаты - халықтың күнделікті тұтынатын басты азық-түлік өнімдеріне қолжетімділігін арттыру және олардың бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
ӘМАТ тізбесін кеңейту - уақытша қолданылатын шара. Ол аталған тауарлардың бағасын қалыптастыру үдерісінің ашықтығын арттыруға және жоғары үстеме баға қоятын өнімсіз делдалдарды айналымнан шығаруға бағытталған. Бұл өзгерістер аталған тауарларды өндірушілер үшін өндіріс көлемін ұлғайту мен өндіріс қуатын кеңейтуге қосымша ынталандыру болады.
Тауарлардың ӘМАТ тізбесіне енгізілуі өндірушілер мен импорттаушыларды сауда желілеріне сыйақы мен ретробонустар төлеу міндетінен босатады. Бұл өз кезегінде тауарлардың түпкілікті бағасын төмендетуге және бизнестің қаражаттын өз қызметін дамытуға бағыттауына мүмкіндік береді.
Тізбеге енгізілген тауарларды өндірушілер мемлекеттік қолдаудың бірқатар шараларына, мәселен әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеңілдетілген тарифпен тасымалдау, коммуналдық қызметтер бойынша бекітілген тарифтер, жеңілдетілген айналым қаражаты және өзге де қолдау құралдарына қол жеткізе алады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ұсынылып отырған тізбесі:
1. Бірінші сұрыпты бидай ұны
2. Бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған бидай наны (пішінді)
3. Рожки (өлшеніп салынатын)
4. Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
5. Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын )
6. Картоп
7. Ас сәбізі
8. Пияз
9. Ақ қауданды орамжапырақ
10. Қызанақ
11. Қияр
12. Алма
13. Қант - құмшекер
14. Күнбағыс майы
15. Сүйегі бар сиыр еті
16. Сүйексіз сиыр еті
17. Тартылған ет
18. Сүйегі бар қой еті
19. Сүйегі бар жылқы еті
20. Жаңа ауланған немесе салқындатылған балық (таран, теңге балық, көксерке, шортан, сазан, ақсақа)
21. Мұздатылған балық (көксерке, минтай, хек, камбала, скумбрия, сазан)
22. Тауық еті (жамбасы, сирақ, тауық сан еті)
23. Тауық
24. 2,5% майлылықтағы жұмсақ қаптамадағы пастерленген сүт
25. Ультрапастерленген, стерилденген сүт
26. 2,5% майлылықтағы айран
27. Қаймақ
28. 5-9% майлылықтағы сүзбе
29. Қатты ірімшік
30. Сары май (тұзсыз, кемінде 72,5% майлылық, қоспасыз және өсімдік майларынсыз)
31. Тауық жұмыртқасы (I санат)
32. Қара шай
33. Ас тұзы ("Экстра" санатынан басқа)
Сауда және интеграция министрлігі барлық мүдделі азаматтарды, бизнес өкілдерін және сарапшыларды "Ашық НҚА" порталындағы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға белсенді қатысуға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2025, 13:18 19456
Алматыда жер сілкінді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Алматы халқы 4 қарашада шамамен 12:45-те жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Inform.kz.
Артынша тұрғындарға жер сілкінісі туралы ескерту келді.
Алматы қаласы аумағында жер сілкінісі", - делінген хабарламада.
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 4 желтоқсанда Астана уақытымен 12:45-те жер сілкінісін тіркеді.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Жер асты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы MPV 6.7, тереңдігі – 5 шақырым.
Алматыда және облыстың бірнеше елді мекенінде жер сілкінісі MSK-64 шкаласы бойынша 2-3 балл деңгейінде сезілді.
Есептік қарқындылық (баллмен) төмендегідей болды:
- Алматы қаласы – 3 балл, 277 шақырым;
- Алматы облысы, Талғар қаласы – 3 балл, 271 шақырым;
- Алматы облысы, Қаскелең қаласы – 3 балл, 283 шақырым;
- Алматы облысы, Алатау (Жетіген) қаласы – 2 балл, 314 шақырым;
- Алматы облысы, Қонаев қаласы – 2 балл, 336 шақырым;
- Жетісу облысы, Жаркент қаласы – 2 балл, 374 шақырым;
- Жетісу облысы, Талдықорған қаласы – 2 балл, 444 шақырым;
- Жамбыл облысы, Шу қаласы – 2 балл, 476 шақырым.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2025, 12:34 13901
Қазақстанда офтальмологиялық қызметке зейнетақы қаражатын пайдалану жойылды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы - "Отбасы банк" АҚ хабарлайды: біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен офтальмологиялық қызметтерді төлеуге арналған өтінімдерді enpf-otbasy.kz платформасы 2025 жылдың 4-ші желтоқсанынан бастап қабылдамайды, деп хабарлайды hcsbk.kz.
Осы күнге дейін жіберілген барлық өтінімдер жұмысқа қабылданып, белгіленген тәртіппен қаралады.
Өтінім қабылдауды тоқтату - Денсаулық сақтау министрлігінің БЖЗҚ емделуге пайдалану ережелеріне енгізген өзгерістерімен байланысты. Желтоқсанның үші күні тиісті бұйрық жарияланды. Жаңа ережелерге сәйкес, зейнетақы қаражатын стоматологияға да, офтальмологияға да пайдалануға рұқсат берілмейді.
Қазіргі уақытта банкте "офтальмология" бағыты бойынша жалпы сомасы 13,3 млрд теңге болатын 15808 өтінім бар. Оның ішінде:
- 5131 өтінім (4,6 млрд теңге) бойынша банк мамандары құжаттарды тексеріп жатыр;
- 10 677 өтінім (8,7 млрд теңге) бойынша клиенттерден қосымша құжат сұралуда.
Стоматология бойынша өтінімдер тоқтатылғаннан кейін офтальмологияға сұраныс күрт артты.
15 қыркүйекке дейін айына орташа 174 өтінім мақұлданса, шектеулер енгізілгеннен кейін бұл көрсеткіш 7 есеге, яғни 1 264 өтінімге дейін өсті.
Сонымен қатар, банк бірқатар күмәнді жағдайларды анықтады. Әртүрлі клиенттер бір офтальмологиялық клиникамен келісімшарт жасаса да, құжаттарда клиника әр қалада орналасқан түрлі мекенжайлармен көрсетілген. Тексеру барысында бұл мекенжайларда мұндай клиниканың жоқ екені белгілі болды.
Бірқатар бағыттар тоқтатылғанына қарамастан, азаматтар БЖЗҚ артық қаражатты әлі де маңызды және қымбат ем түрлеріне пайдалана алады. Атап айтқанда:
- орфандық (сирек) ауруларды емдеу;
- реконструктивтік және қалпына келтіру операциялары;
- радионуклидті және радио-йод терапия;
- радиохирургиялық ем;
- протондық терапия.
Айта кету керек, стоматология мен офтальмология - БЗҚ пайдалануға болатын медициналық қызметтердің тек шағын бөлігі ғана. Бағдарлама жалпы жұмысын жалғастырып, мыңдаған азаматқа денсаулыққа қатысты маңызды мәселелерін шешуге көмектесіп келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.12.2025, 11:45 19021
14 желтоқсаннан бастап "Астана - Омбы" бағыты бойынша пойыз қатынайды
Достарға айту
2025 жылдың 14 желтоқсаннан бастап №145/146 "Астана - Омбы" жолаушылар пойызы жолға шығады. Пойыз аптасына үш рет - сейсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайды. Құрамында 3 купе және 5 плацкарт вагоны бар. Бір бағытта шамамен 400 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінен.
Жаңа бағыттың ашылуы - халықтың көлікпен қатынау мүмкіндігін арттыруға, вагондар паркін тиімді пайдалануға және маршруттық желіні кеңейтуге бағытталған. Пойыз заманауи, қауіпсіздік және жайлылық талаптарына толық сай вагондардан жасақталады.
Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе теміржол вокзалдарының билет кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін 1433 байланыс орталығына хабарласу қажет. Пойыз қозғалысы туралы мәліметтер сайтындағы онлайн-таблода қолжетімді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2025, 10:31 44486
Алматыдағы ауа сапасы туралы ресми деректерді тек Қазгидромет ұсынады
Достарға айту
Алматыдағы атмосфералық ауаның жағдайы тек "Қазгидромет" РМК-ның бақылау бекеттерінен алынған мәліметтер негізінде жүргізіледі. Бұл қызметтің барлық құрылғысы сертификатталған, мемлекеттік тізімге енгізілген және міндетті тексеруден өткен, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Қала аумағында 16 стационарлық бақылау бекеті орнатылған. Осы бекеттердің деректері бойынша ауа сапасының көрсеткіштері қолданыстағы санитарлық-гигиеналық нормативтерге сәйкес қалыптастырылады.
Бұл ретте, түрлі жекеменшік немесе калибрленбеген құрылғылар тарататын ақпарат ресми болып саналмайды. Мұндай датчиктердің жарамды сертификаты жоқ, олар тексеруден өтпеген және мемлекеттік өлшеу құралдары тізіміне енгізілмеген. Сондықтан мұндай құралдардан алынған ақпаратты сенімді дерек ретінде қолдануға болмайды.
Қазгидромет мәліметінше, биыл 24-25 қарашада жоғары (10 ШРК-дан жоғары) және аса жоғары (50 ШРК-дан жоғары) ластану деңгейі тіркелмеген. Жекелеген бекеттерде кейбір заттар бойынша 1,0-2,1 ШРК шамасында бір реттік аздаған асу байқалды.
Қаладағы қазіргі түтін құбылыстары ауа райының қолайсыз метеорологиялық жағдайларымен қатар антропогендік факторларға да байланысты. Соның бірі инверсия, яғни жылы ауа қабаты төменгі суық қабатты жауып, тік бағытта ауа алмасуына кедергі келтіретін құбылыс.
Қарашаның желсіз ауа райы, көпжылдық бақылаумен салыстырғанда жоғары температура, жауын-шашынның болмауы және жылыту маусымының белсенділігі атмосферада зиянды заттардың жиналуына ықпал етеді. Ластаушы көздер жеке тұрғын үйлер, өндірістік нысандар және қала аумағында пайдаланылатын шамамен бір миллионға жуық автокөлік.
Бүгінде Алматының ауа бассейнін негізгі ластаушы - автокөлік көлігі (шығарындылардың 60%-ына дейін). Қалған бөлігі өнеркәсіптік кәсіпорындарға, жеке секторға және қатты отын пайдаланатын моншаға тиесілі. Сондықтан олардың әсерін төмендету бағытында нақты шаралар қабылдау қажеттілігі туындап отыр. Осы мақсатта Алматы қаласы әкімдігі тиісті жұмыстар жүргізіп, атмосфералық ауаны қорғау ережелерінің жобасын әзірледі. Бұл ережелер төмен шығарындылы аймақта автокөлік пайдалануға шектеулер енгізуді, үшінші санаттағы кәсіпорындардың экологиялық реттелуін және ауаға зиянды заттар шығарындыларын азайтуға бағытталған басқа да нормаларды қамтиды.
Ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.11.2025, 19:31 73891
Шығыс Қазақстанда құтқарушылар "Қауіпсіз үй" акциясы аясында күш біріктірді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Профилактикалық акцияның мақсаты - тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру. Қауіпсіздік ережелері сақталмайтын үйлерде, әсіресе жылыту маусымы келгенде, тұрмыстық өрттердің саны көбейеді. Ахуалды тұрақтандыру үшін ТЖД қызметкерлері мен полицейлер тұрғын үйлерді аралап, пештер мен электр құралдарын пайдалану қағидалары бойынша нұсқаулықтар жүргізеді. Ерекше назарда - әлеуметтік осал отбасылар. Өрт шығу қаупі жоғары және көміртегі тотығымен улану қаупі бар үйлерге арнайы датчиктер орнатылды. Жылыту маусымы басталғалы бері 32 мыңнан астам үй араланып, 12 568 бұзушылық анықталды. Олардың ішінде: дер кезінде тазаланбаған мұржалар, зақымданған немесе тозығы жеткен электр құралдарын пайдалану, ұшқын шығаратын розеткалар бар, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.
Рейд барысында полицейлер асоциалды өмір салтын ұстанатын азаматтардың тұратын орындарын анықтап, олармен тиісті жұмыстар жүргізеді. Өйткені, өрт құрбандарының арасында көбінесе спирттік ішімдікке әуестенетін, темекі шегу кезінде отты абайсыз пайдаланатын адамдар жиі кездеседі.
Анықталған бұзушылықтар бойынша біз оларды жою жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Өрттердің алдын алу және көміртегі тотығынан улану жағдайларын болдырмау үшін көп балалы және аз қамтылған отбасылардың үйлерінде пештерді жөндейміз, қарт адамдарға мұржаларын тазалауға көмектесеміз, көміртегі тотығы датчиктерін орнатамыз", - деді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.
Қауіпсіз үй" акциясы өрттердің алдын алуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруды, ұйымдар мен қызметтердің, сондай-ақ халықтың күшін біріктіруді көздейді. Бұл шара тұрғындарды өрттен және көміртегі тотығымен уланудан қорғауға бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.11.2025, 17:45 76246
eGov порталы ұялы байланыс желісінен тыс пайдаланушылар үшін авторизациялаудың жаңа әдісін енгізді
Сурет: egov.kz
Достарға айту
Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ("ҰАТ" АҚ) электрондық үкімет порталы eGov.kz пен оның құрамдас бөліктерінде (eOtinish сервисі, Smart Bridge платформасы, "Ашық үкімет" порталы) пайдаланушыларға жаңа авторизация әдісі енгізілгенін хабарлайды, деп хабарлайды egov.kz.
Енді пайдаланушыларға бірнеше аутентификация нұсқасы қолжетімді:
- eGov QR - eGov Mobile мобильді қосымшасында QR кодты сканерлеу арқылы кіру;
- Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдаланып авторизациядан өту - растама SMS-код арқылы жүзеге асады;
- Логин мен пароль арқылы кіру - пайдаланушы ЖСН/БСН мен парольді енгізеді, ал жеке тұлғаны растау ЭЦҚ арқылы жүргізіледі.
Егер пайдаланушы eGov Mobile мобильді қосымшасын белсенді қолданса, авторизация үшін оған QR кодты сканерлеу функциясы - eGov QR - ұсынылады.
Логин (ЖСН/БСН) мен парольді пайдаланып авторизациядан өтудің жаңа механизмі мобильді оператор желісінің қолжетімсіз аймақтарында ыңғайлы. Бұл жағдайда жеке тұлғаны SMS-код арқылы растау қажет емес. Пайдаланушыға парольді ұмытып қалса, оны қалпына келтіру мүмкіндігі де берілген. Жүйе пайдаланушыға қолжетімді деректерді автоматты түрде анықтап, тиісті енгізу өрістерін ұсынады. Сәтті тексеруден кейін ақпарат ЭЦҚ арқылы расталып, авторизация процесі аяқталып, жеке кабинетке қауіпсіз кіру қамтамасыз етіледі.
Жаңа механизм қолданыстағы әдістерді толықтырып, порталдағы аутентификация нұсқаларын кеңейтеді. Жаңарту порталдың және оның құрамдас бөліктерінің электрондық мемлекеттік қызметтеріне қолжетімділікті қауіпсіз, ыңғайлы етіп, баламалы идентификация тәсілін ұсынуға бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
05.12.2025, 02:52Қазақстан диалогты нығайтуды және ЕҚЫҰ-ның негізін қалаушы қағидаттарын ұстануды жақтады 05.12.2025, 08:57 17821Қазақстан СІМ басшысы ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді05.12.2025, 09:01 17556Венада Орталық Азия және Солтүстік Еуропа елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті05.12.2025, 10:04 17311Қазақстан Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ басшылығымен кездесулер өткізді05.12.2025, 16:59 8691Туризм және серіктестік: Қазақстан Финляндияда өз мүмкіндіктерін таныстырды
01.12.2025, 12:48 73436Сианьдағы Қазақстанның Бас консулдығы өңіраралық инвестициялық ынтымақтастықтың нығаюына белсенді ат салысуда01.12.2025, 15:43 72616Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады01.12.2025, 13:34 72251Қазақстан - Дания ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілуде01.12.2025, 14:38 72251Астана мен Сеул зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда30.11.2025, 09:19 68596Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты Қазақстан наразылық білдірді
13.11.2025, 17:40 176381Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді13.11.2025, 23:28 174596Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады10.11.2025, 21:56 151616Алматыда бұрынғы президент резиденциясының орнында жаңа саябақ ашылды19.11.2025, 16:26 146141Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 145811Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады

