22.12.2022, 11:53 26716

Алматыда тегін мұз айдындары ашылды

Мұз айдындары тәулік бойы жұмыс істейді
Алматыда тегін мұз айдындары ашылды
Алматы. 22 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда тәулік бойы төрт тегін мұз айдыны жұмыс істейді, тағы екеуі ашылады деп күтілуде, деп хабарлады қала әкімдігі.

Алматыда қала тұрғындары мен қонақтары үшін төрт жерде тегін мұз айдыны ашылды:

  • Тұңғыш Президент саябағының алдында;

  • Республика Сарайының алдында;

  • Әуезов ауданында Ықылас 8 д мекенжайы бойынша Таугүл ш/а;

  • Шұғыла ш/а, 347 мекенжайы бойынша Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында.

Бұдан басқа, келесі аптада Түрксіб ауданы Сейфуллин, 13 мекенжайы бойынша №6 Оқушылар үйінің алдында және Жетісу ауданында "Гүлдер" саябағында мұз айдындары ашылады.

Кіру - тегін, конькиді жалға алу құны (2 сағат) 1000 теңге. Конькимен келгендерге тегін. Жалға беру пункттері жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін ашық болады. Мұз айдындары тәулік бойы жұмыс істейді", - деп нақтылады баспасөз қызметінде.


Естеріңізге сала кетейік, 20 желтоқсанда Алматыда қаланың басты шыршасы жағылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны