11.03.2021, 14:28 13191
Алматыдағы дәріханалардан сұранысқа ие дәрі-дәрмектер жоғалып кетті
Достарға айту
Алматыда қан сұйылтатын Кардиомагнил мен Курантил тапшы. Сондай-ақ респираторлық жүйе мен тыныс алу жолдарын емдейтін Эсперал препаратын да таба алмайсыз, деп хабарлайды "Хабар 24".
Дәрі іздеп сабылған жұртқа провизорлар басқасын ұсынып әлек. Ал дәріхана иелері бұған денсаулық министрлігін кінәлайды. Себебі бекітілген шекті баға қай тарапқа болсын тек шығын әкеледі деп налиды.
Соңғы жылдары елімізде жүрек қан тамыры аурулары дендеп барады.
Оны дәрігерлер талмай айтып келеді. Дерттің алдын алған бір бөлек. Ал ауыра қалсаң маман айтқан дәл сол дәріні тауып ішудің өзі бір мұң болып тұр. Себебі Алматы дәріханаларында Кардиомагнил мен Курантил жоқ.
Кардиомагнил бір айдан бері жоқ. Біз дистрибьютерлермен жұмыс істейміз. Олар жоқ деген соң тапсырыс бере алмай отырмыз. Курантилдің соңғы 5 қорабын қараша айында саттық. Содан кейін әкелмеді. Ал Эреспалдың болмағанына бір жыл. Көбіне Кардиомагнил сұрайды жұрттың бәрі. Оның орнына Тромбо АСС, Годасал, Тромбопол алып көріңіз дейміз", - дейді дәріхана меңгерушісі Нәйлә Ибрагимова.
Алматы дәріханаларының көбінде осындай жағдай. Бұрын Кардиомагнил бағасы бөлшек саудада мөлшеріне қарай 1450-2100 теңге аралығында болған. Денсаулық министрлігі шекті бағаны 1369 теңге деп бекітті. Осыдан кейін дистрибьютерлер шығынға батамыз деп оны әкелуді азайтқан.
БЛИЦ:
- "Бар үмітіміз министрде. Нақты бір шаралар қолданатын шығар енді. Жүрек қан тамырына шалдыққан адамдарға қиын. Бәрі жақсы біледі. Бізде бұл аурудан өлім-жітім өте көп".
– "Кардиомагнил жоқ. Шынымды айтсам, дәріхана көре қалсам болды, кіріп сұраймын. Екі ай болды таппадым. Ешкім себебін де ашып айтпайды".
– "Дәрілер неге жоқ болып кетті. Түсініксіз. Мен сатып алатынмын. Өйткені, дәрігер күнде қабылдаңыз деп кеңес берген".
Ал денсаулық сақтау министрлігіндегілер COVID-19-ға қарсы шараларды негізге ала отырып, 370 түрлі дәрі-дәрмекке шекті баға қойғандарын айтып отыр. Оның қатарында Кардиомагнил мен Курантил де бар.
Алматыға келетін болсақ. Ол бар. Барлық дәріханада бар деп айта алмаймыз. Кардиомагнилдің аналогтары бар. Өте көп. Тромбо АСС, Аспипирин Кардио дейміз. Егер Кардиомагнил жоқ болған жағдайда дәрігерге хабарласа отырып, оның басқа түрін ішуге болады. Ал басқа препараттардың жоқ болу себебі маркетингке байланысты болуы мүмкін. Бір препарат нарықтан кетіп орнына басқасы келіп жатады. Уақытша тіркеуі болмай қалса да, болмай қалуы мүмкін", - деді ҚР ДСМ Медициналық-фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков.
Әзірге алматылықтардың Кардиомагнил мен Курантилдың баламасын іше тұрудан басқа амалы жоқ, деп хабарлайды "Хабар 24".
Ақпарат көзі: 24.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
30.04.2024, 18:08 19891
Алматылық меценаттар жаңа буын жатақханаларын салып жатыр
Достарға айту
Алматы әкімі Ерболат Досаев жеке инвестициялар есебінен салынған болашақ ұстаздарға арналған жаңа заманауи студенттер жатақханасына барды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
1 млрд 350 млн теңгенің жобасын "Karazhal operating", "Rise capital", "Daco Motors KZ", "San tyres", "Pine education", "Kazintel group" және т.б. 50-ден астам компанияны, меценат пен инвесторды біріктірген "Mugalim" қоғамдық бірлестігі жүзеге асырды.
Бұған дейін Алматының Бостандық ауданындағы Жароков және Дунаевский көшелерінің бойындағы осы учаскеде 6 жылдан астам уақыт бойы иесіз қалған қараусыз қалған ғимарат болған. Ауданы 2 мың шаршы метр және жобалық қуаты 200 адамға дейінгі студенттердің жаңа үйі Йель, Оксфорд университеттері сияқты жоғары оқу орындарының жатақханаларының халықаралық стандарты бойынша салынған, мұнда тұратындар үшін коворкинг-орталық, конференц-зал, Study room, шатырдағы үлкен терраса және т.б. барлық жағдай жасалған.
Жатақхана Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық университеті, С. Демирель атындағы университет және т.б. жоғары оқу орындарының болашақ оқытушы-студенттеріне арналған.
Жаңа заманауи жағдайда жайлы өмір сүру мүмкіндігінің пайда болғанына қуаныштымыз. Мұнда жобалармен жұмыс істеуге, шығармашылықпен айналысуға болатын коворкинг орталығы бар, ол үшін барлық жағдай жасалған. Бұл пәтер жалдауға қалтасы көтермейтін студенттерге таптырмас дүние", - деді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенті Жанерке Тоқтарова.
Сапар барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев бұл нысандардың қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту үшін маңызы зор екенін атап өтті. "Мұғалімдердің мәртебесін көтеру үшін уақыт талабына сай қолайлы жағдай жасау маңызды. Заманау мұғалім тек мұғалім ғана емес, сонымен қатар әдіскер, тәлімгер, тәрбиеші. Қала атынан алғыс айтып, бизнеске, меценаттарға осындай маңызды әлеуметтік жобаларды іске асыруға белсенді қатысуға шақырамын", - деді Е.Досаев.
Mugalim" ҚБ-ның айтуынша, тағы бірнеше білім беру нысанын салу жоспарланған. Жыл соңына дейін Zhibek Dorm қоғамдық бірлестігінің меценаты тағы 100 орындық жатақхана салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, "Mugalim" ҚБ 110 орындық студенттер үйін (меценат - Yamoto ЖК) және 135 орындық жатақхананы ("Кемел" жеке қоры) жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.04.2024, 17:35 38221
Қазақстанда тағы күн суытады
Достарға айту
Болжам бойынша, сәуірдің соңғы күні мен мамырдың басында ауа температурасы төмендейді деп күтілуде, деп хабарлайды "Zakon.kz "Қазгидромет" РМК сілтеме жасай отырып.
Батыс Ресей облыстарынан соққан антициклонның екпіні солтүстік, шығыс және орталық облыстарда ауа температурасының түнде 0+5°С, аяз -1-6°С, күндіз +5°С дейін төмендеуіне әкеледі. Сондай-ақ, +13°C суық фронт республиканың оңтүстік аймақтарына біртіндеп ауысып, ауа температурасы түнде +2+7°С, аяз -2°С, күндіз. +15+25°C".
Синоптиктер республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жауын-шашын күтілетінін атап өтті: 1-2 мамырда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жауын-шашын болады, түнде жауын-шашын болады. жаңбыр қарға айналуы мүмкін.
Елдің оңтүстік-шығысында да найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша екпінді жел күшейеді, түнде солтүстік және шығыс облыстарда тұман күтіледі".
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 29 сәуірінде Астанада және еліміздің 10 облысында дауылды ескерту жарияланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.04.2024, 17:25 38946
Алматыда субұрқақтар 1 мамырда іске қосылады
Достарға айту
1 мамырда Алматы қаласында 60 субұрқақ іске қосылады. Қала балансында барлығы 66 субұрқақ бар, оның 6-ын қайта жаңғыртуда ("Одуванчик", "Аққу", "Қызғалдақ" субұрқақтары, М. Әуезов Қазақ ұлттық драма театрының алдында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және ҚР Мемлекеттік мұражайы), деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында субұрқақтардың тостағандары, түптері, қабырғалары тазартылып, гранит плиталарын қалпына келтіру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді. Мамандар субұрқақтардың сәндік элементтерін бояды, электр жабдықтары мен сорғыларына, электр энергиясының инженерлік желілеріне, суық сумен жабдықтауға және кәрізге ревизия жүргізді. Коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау жүйелері қайта консервацияланды. Дайындық жұмыстары барысында авариялық учаскелер анықталды, қазіргі уақытта инженерлік сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау желілерін қалпына келтіру жұмыстары аяқталуда.
Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірден 8 мамырға дейін "Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқаны өтіп жатыр, оның аясында қалада және таулар, өзендер мен көлдер аумағында қоқыстардан тазарту, ағаштарды, гүлдер мен бұталарды жаппай отырғызу, ғимараттардың қасбеттерін жуу, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалар жән спорт алаңдары жөнделіп, айнала абаттандырылуда.
Әрбір алматылық қаланың тазалығы мен игілігіне үлес қоса алады. Толық ақпарат аlmaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Веб-сайтқа қала бойынша орналастырылған баннерлер, постерлер мен афишалардағы арнайы QR-код арқылы кіруге болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.04.2024, 17:22 39191
Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні қалай тойланады
Достарға айту
Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен 1 мамырда Абай алаңында "Береке - бірлікте" жалпыреспубликалық акциясы аясында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап, жеткізуге атсалысқан, көмектескен еріктілерді, белсенді азаматтарды, мәдениет қайраткерлерін марапаттау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара танымал шығармашылық ұжымдар мен этномәдени бірлестіктердің концерттік бағдарламасымен, қайырымдылық акциялар, жәрмеңке, байқаулар және басқа да іс-шаралармен жалғасады.
Сағат 11:00-ден 14:00-ге дейін Республика сарайының алдында қайырымдылық жәрмеңкесі мен гастро-фестиваль өтеді. 10-нан астам танымал мейрамхана қазақ, түрік, өзбек, корей, неміс, қытай, грузин, орыс, армян, ұйғыр ұлттарының ұлттық тағамдарын ұсынады. Түскен қаражат су тасқыны салдарын жою мақсатына "Демеу Қазақстан қоры" корпоративтік қорына аударылады. Осылайша, әрбір қатысушы табиғи апатқа ұшыраған азаматтарға көмектесе алады.
Мерекелік концертке этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары қатысады: "Агугай" ансамблі, "Дервиши" тобы, Анжелика Шағарова, "Наири" ансамблі, Аббос Қасымов ансамблі ABBOS (Өзбекстан), Ситора Назарова, "Қазан нұрлары" ансамблі (Татарстан), Руми мен Янис, "Бахар" кавказ би ансамблі, "Эламан" дуэті (Қырғызстан), Роман Ким, "Нам Сон" ансамблі мен "МузАрт" тобы.
Сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін Абай атындағы алаңда жеке компанияның қаражаты есебінен Maxi Fest қайырымдылық концерті өтеді. Сахнада отандық эстрада жұлдыздары: Айқын, Qanay, Ayree, КешYOU тобы, Илхан Ықсан, Бекзат Құнанбай, Сиситай, "Азия" тобы, Артур Давлетьяров, Әйгерім Қалаубаева, Ұланғасыр Ками мен ALPHA тобы өнер көрсетеді.
Мерекелік шаралар қаланың басқа аудандарында да өтеді:
Наурызбай ауданында сағат 11:00-де Шұғыла шағын ауданы 347 мекенжайындағы амфитеатрда, "Бірлігіміз жарасқан" концерттік бағдарламасы, қазақ, ұйғыр, араб, әзірбайжан, украин, орыс, үнді, татар, өзбек, қытай, корей және түрік мәдениеттері өкілдерінің ұлттық тағамдары, киімдері мен бұйымдарының көрмесі өтеді. Сондай-ақ, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсеткен белсенді азаматтар марапатталады.
Жетісу ауданындағы Гүлдер саябағында (Серіков, 2а) сағат 11:00-де Мәдениет үйі мен Оқушылар үйінің тәрбиеленушілері, "Даму бала" бағдарламасы бойынша үйірмеге қатысатын балалардың концерті өтеді. Сондай-ақ ауданның этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен Қазақстан халықтарының көрмесі ұйымдастырылады.
Әуезов ауданында сағат 11:00-де Сарыарқа скверінде "Гүлден, менің Қазақстаным!" ұранымен студент-жастар, балалардың қатысуымен эко-марш өтеді. Сондай-ақ, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету үшін этномәдени өкілдері қолөнершілерінің қайырымдылық көрмесі ұйымдастырылады.
Алатау ауданында сағат 10:00-де "Алатау" инновациялық шығармашылық орталығында мерекелік концерт пен тақырыптық суреттер көрмесі өтеді. Сондай-ақ, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсеткен белсенді азаматтар марапатталады.
Түрксіб ауданында сағат 11:00-де Арбатта (Шолохов көшесінің қиылысы, Сауранбаев көшесінің бойы) Оқушылар үйі көркемөнер ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама мен этномәдени бірлестіктердің көрмесі өтеді.
Медеу ауданында Көктөбе орталық алаңында сағат 12:00-де "Алматы әуендері" КМҚК "Жасыл қалам - Алматым" жеке орындаушыларының концерті өтеді. Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында (Төле би көшесі, 21) сағат 15:00-де "Гүл Алматы - Flower Sity" өтеді.
Алмалы ауданында Арбат алаңында сағат 10:00-де су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек ретінде қаражаттың бір бөлігін бөле отырып, қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді. Сағат 12:00-де шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарлама басталады.
Бостандық ауданында "Atakent" КҚКО аумағында "Алматы - біздің ортақ үйіміз" мерекелік бағдарламасы болады, оның аясында этномәдени бірлестіктердің концерті мен қайырымдылық көрмесі өтеді. Қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен барлық қаражат "Демеу Қазақстан қоры" қорына аударылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.04.2024, 17:23 73561
Алматыда 27 сәуірде жаппай алма ағаштары отырғызылады
Достарға айту
«Алматы – бақ қала» акциясы аясында осы жылдың 27 сәуірінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының аясында жасыл желек егумен қатар, жаппай алма ағаштары отырғызылады. 7705 жасыл желек, оның ішінде 4015 жеміс (3855 алма ағашы) және 1090 жапырақты ағаш, 2600 бұта (сәнтал, ырғай, қабыржық, қаржеміс және т.б.) отырғызылады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Алматы - бақ қала» жалпықалалық акциясына қатысуға Алматының барлық тұрғыны мен қонағы шақырылады. Акция барысында шығармашылық байқаулар (таңертеңгілік жаттығу, би флешмобы, йога, викторина, шеберлік дәрісі және т.б.) өткізу көзделген.
Көшет егу жоспарланған негізгі орындар:
- ҮАК бойындағы көшенің солтүстігінде, Жаңа Сайын көшесінің шығысында орналасқан саябақ аумағында 500 жеміс ағашы (алма ағашы – 250 дана, өрік – 250 дана);
- «ALA» саябағының аумағында 2 270 алма көшеті;
- Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңында 1000 жапырақты ағаш.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.04.2024, 13:42 77136
Алматыда жаңа жағалау салынуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қарғалы" жобасы: Алматыда өзен жағасында ыңғайлы демалыс аймағы пайда болады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Алматы қаласының Наурызбай ауданында "Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында 7,7 шақырымға созылып жатқан "Қарғалы" өзенінің жағалауы қайта жаңғыртылуда.
Естеріңізге сала кетейік, науқанның үшінші аптасы "Біздің қала - біздің таулар, өзендер мен көлдер" ұраны аясында өтуде. Апта ішінде жағалаулар мен су айдындары, саябақтар, скверлер мен тау бөктері тазартылады.
Қарғалы жобасының мақсаты - бұл аймақтың экожүйесін сақтай отырып, қала тұрғындарының демалуы үшін неғұрлым ыңғайлы әрі тартымды орта жасау.
Мұнда өзен арнасын тазартып, серуендеу аймағын құру жоспарланған. 3 мыңға жуық ағаш отырғызылады. Сондай-ақ көпжылдық гүлдер мен шөптердің гүлзары, қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар мен бұталар егіледі. Жалпы ұзындығы 2,7 шақырымға жететін суармалы су құбыры тартылады.
Ұзындығы 4,3 шақырым болатын 196 жарық бағанасы орнатылады. Келушілердің жайлылығы үшін 135 орындық пен қоқыс жәшігіне қою жоспарда бар.
Жобаның маңызды бөлігі сол, балалар мен спорт алаңдары, жаяу жүру жолдары мен өзен жағасында демалу мүмкіндігі бар жаңа қоғамдық кеңістік құру. Әткеншек, сырғанақ және өрмелеу сияқты ашық ойын элементтері балалардың моторикасы мен физикалық белсенділігін арттырады. Балаларға арналған құмсалғыштар мен су аймақтарын, сондай-ақ ата-аналарға арналған орындықтары мен үстелдері бар демалыс аймағын құру жоспарлануда.
Түрлі ерекшелігі бар балалар үшін де ойын алаңдарында инклюзивті элементтер қойылатындығын атап өткен жөн.
Көпір жолын қайта құрып, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге қауіпсіздік пен қолжетімділік қамтамасыз етілмек. Тротуарлар мен велосипед жолдарын орнату қарастырылған.
Бұл жоба "Қарғалы" өзенінің жағалауын қала шетіндегі бірегей табиғи саябаққа айналдырады. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың қараша айына дейін аяқтау жоспарда бар.
Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқаны туралы барлық ақпарат https://www.almaty.kz/ сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Сондай-ақ, веб-сайтқа қала бойынша баннерлерде, плакаттарда арнайы орналастырылған QR-код арқылы да кіруге болады.
Әлеуметтік медиа науқанының белсенді қатысушыларына арналған хэштегтер:
#АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2024, 17:58 95541
"Алматы - бақ қала": мегаполисте жаңа алма бақтары пайда болады
Достарға айту
Алматы - бақ қала" акциясы аясында осы жылдың 27 сәуірінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін "Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқанының аясында жасыл желек егумен қатар, жаппай алма ағаштары отырғызылады. 7705 жасыл желек, оның ішінде 4015 жеміс (3855 алма ағашы) және 1090 жапырақты ағаш, 2600 бұта (сәнтал, ырғай, қабыржық, қаржеміс және т.б.) отырғызылады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Алматы - бақ қала" жалпықалалық акциясына қатысуға Алматының барлық тұрғыны мен қонағы шақырылады. Акция барысында шығармашылық байқаулар (таңертеңгілік жаттығу, би флешмобы, йога, викторина, шеберлік дәрісі және т.б.) өткізу көзделген.
Көшет егу жоспарланған негізгі орындар:
- ҮАК бойындағы көшенің солтүстігінде, Жаңа Сайын көшесінің шығысында орналасқан саябақ аумағында 500 жеміс ағашы (алма ағашы - 250 дана, өрік - 250 дана);
- "ALA" саябағының аумағында 2 270 алма көшеті;
- Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңында 1000 жапырақты ағаш.
Аудан әкімдіктері алма аллеяларын құру, жапырақты ағаштар мен бұталарды отырғызу бойынша жұмыстар жүргізеді:
- 1 245 алма ағашы;
- 90 жапырақты ағаш;
- 2 600 бұта (сәнтал, ырғай, қабыржық, қаржеміс және т.б.).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2024, 18:19 112311
Алматыда бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауады
Достарға айту
24-28 сәуір аралығында Алматы қаласында толассыз жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жауын-шашын кезінде мотопомпа, шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілікке шығады, 2,5 мың қап құм дайындалады.
Күндіз жауын-шашын кезінде барлығы 465 бірлік арнайы техника, 28 мотопомпа және 810 жұмысшы, ал түнгі уақытта 236 бірлік арнайы техника және 215 жұмысшы жұмылдырылады.
Судың кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз етіп, су басудың алдын алу үшін 320 жұмысшы мен 92 бірлік арнайы техника арық желілерін, арық өткелдерін тазалау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізеді. Күн сайын арықтан 250 м3 лай және кездейсоқ қоқыс шығарылады.
Ауа-райының бұзылуына байланысты жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты автомобильдерді жол жиектеріне қоюға кеңес берілмейді. Қала тұрғындары мен қонақтарына тауға бармауын сұраймыз. Су тасқынының алдын алу үшін тұрғындардан арық пен каналды қоқысқа толтырып, бітеп тастамауға шақырамыз.
Анықтама үшін:
Қазгидромет" РМК болжауынша:
24 сәуір: көшпелі бұлт шығады, 3 мм-ге дейін өткінші жауын, оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады, күндіз ауа температурасы +23...+25°C.
25 сәуір: күн ала бұлтты, таңертең және түстен кейін 15 мм-ге дейін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыс, батыс 3-8 м/с жел, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде + 10...+12°, күндіз + 18...+20°C.
26 сәуір: көшпелі бұлт, түнде және таңертең 8 мм-ге дейін жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік-батыс 3-8 м/с жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде + 10...+12°, күндіз + 16...+18°C.
27 сәуір: күн ала бұлтты, күндізгі сағат 15-тен 23-ке дейін 3 мм-ге дейін жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Термометр бағанасы түнде +8...+10°, күндіз +13...+15°C көрсетеді.
28 сәуір: көшпелі бұлт шығады. Батыс, солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7...+ 9°, күндіз + 13...+15°C.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
02.05.2024, 12:08Шымкент қаласында жаңа технологияларды қолдана отырып ірі қойма кешені мен жылыжай ашылады 02.05.2024, 12:14 21011Сенат жаңа туған нәрестеге бірден ЖСН беретін заң нормасын мақұлдады02.05.2024, 15:15 16721Президентке биылғы І тоқсанда жұмсалған республикалық бюджет қаражаты туралы есеп берілді02.05.2024, 15:24 16236Үкімет маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының өсуіне жол бермеу үшін алдын ала шаралар қабылдады02.05.2024, 15:49 15581Туризм және спорт министрі Алматының туристік әлеуетімен танысты
26.04.2024, 17:09 113631Алматыдағы рекреациялық аймаққа 230 гектарға жуық жер қайтарылды26.04.2024, 17:25 113361"Бәйтерек" көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды рекордтық 300 млрд теңгеге арттырады26.04.2024, 13:36 102111Су тасқынынан кейін 12 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды29.04.2024, 17:18 77886Су тасқынынан кейін 13 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды26.04.2024, 13:42 77031Алматыда жаңа жағалау салынуда
24.04.2024, 18:17 155666Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 153931Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 150891Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады25.04.2024, 12:37 129856Қазақстан Президенті су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіру мерзімдерін белгіледі17.04.2024, 17:52 128321ҚХР-ға теміржол арқылы жүк экспорты 21 пайызға өсті