НҰР-СҰЛТАН. 10 ТАМЫЗ - Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2022 жылғы қаңтар-маусымда елімізге тұрғылықты тұруға 7 287 адам келді, елімізден кеткендердің саны 12 344 адамды, көші-қон айырымы – 5 057 адамды құрады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еліміздегі негізгі көші-қон ТМД мемлекеттерімен өтіп жатыр. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі тиісінше 84,5% және 83% құрады.
Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 1,4%-ға кеміді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды: Алматы (17 691 адам), Нұр-Сұлтан (15 753 адам) және Шымкент (1 883 адам) қалаларында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.