06.06.2022, 14:22 9786

Алматының бірқатар шағын аудандарында 8 маусымда суық су өшіріледі

Алматының бірқатар шағын аудандарында 8 маусымда суық су өшіріледі
АЛМАТЫ. 6 МАУСЫМ - Алматының бірнеше тұрғын алабы жөндеу жұмыстарына байланысты 8 маусым күні суық судан ажыратылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Алматы су" МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 "Алматы су" МКК хабарлағандай, 8 маусымда түнгі сағат түнгі 01:00-ден сағат 22:00-ге дейін Ақсай-4, Ақсай-5, Достық, Жетісу-1, Жетісу-2, Жетісу-3, Жетісу-4, Мамыр-1, Мамыр-2, Мамыр-4, Мамыр-5, Мамыр-6, Мамыр-7 шағын аудандарының аумақтарында орналасқан тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады. 
 

Алматы қаласы Әуезов ауданын сумен қамтамасыз ету желілеріндегі технологиялық құрылғыларды ауыстыру мақсатында, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін, суық сумен жабдықтау қызметі бойынша уақытша шектеулер енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп қосты компанияда.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны