17.05.2022, 16:21 11511

Алматының бірнеше ауданында ыстық су уақытша өшіріледі

Алматының бірнеше ауданында ыстық су уақытша өшіріледі
АЛМАТЫ. 17 МАМЫР - Алматының Жетісу ауданындағы бірқатар ғимараттар 19 мамыр күні ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Алматы жылу жүйесі" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2022 жылғы 19 мамыр сағат 9-дан 18-ге дейін Жетісу ауданының Жұмабаев – Северное кольцо – Павлодар-Палладина көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды", - делінген "Алматы жылу жүйесі" ЖШС хабарламасында.

 
Компанияда сорғы станциясын қайта құрылымдау кезеңінде тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету үшін шектеулер енгізілетінін түсіндірді. 
 
Сонымен қатар, компанияда 2022 жылғы 18 мамыр сағат 9-дан 18- ге дейін Бостандық ауданының аумағында орналасқан Жароков – Әл-Фараби – Гагарин – Ходжанов көшелерінің контурындағы тұрғын үйлерде және өзге де ғимараттарда ыстық су болмайтынын айтты. Жылумен жабдықтау желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін шектеулер енгізіледі.
 
Бұдан басқа, Алматы қаласының Түрксіб ауданының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға ыстық су беру шектеледі:
 
- 16 мамырдан 20 мамырға дейін мына көше контурларында: Стахановская-Ганибет-Буденный-Станкевич және 13-ықшам ауданы; 
 
- 16 мамырдан 27 мамырға дейін мына көше контурларында: Клара Цеткина –Днепровская - Спасская-Урицкий. 
 
Шектеулер "Алматыжылукоммунэнерго" ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны