16.07.2021, 20:44 14246

Алматының екі ауданында бірқатар тұтынушылар ыстық судан уақытша ажыратылады

Алматының Наурызбай және Түрксіб аудандарының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға ыстық су беру шектелетін болады.

АЛМАТЫ. 16 ШІЛДЕ - Алматының екі ауданында бірқатар тұтынушылар ыстық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Алматы жылу жүйесі" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматының Наурызбай және Түрксіб аудандарының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға ыстық су беру мына көшелердің контурларында шектелетін болады:

- 19-23 шілде аралығында: Остроумова - Дегдар - Красногорская;

- 21 шілде мен 9 тамыз аралығында: Райымбек - Әшімов - Абай - Карьерная;

- 21 шілде мен 17 тамыз аралығында: Гете - Майлин - Заславский - Новосибирск, Лавренев - Дунентаев - Соболев - Зимняя, Сүйінбай - Бекмаханов;

- 21 шілде мен 18 тамыз аралығында: Собинова - Монтажная - Поддубный - Беринг.

Қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау шеңберінде жоспарланған қазандықтарда жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шектеулер енгізіледі, бұл күзгі-қысқы кезеңде жылу энергиясын өндіру процестеріндегі тәуекелдерді барынша азайту үшін қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны