18.10.2021, 17:16 26532

Алматының екі шағын ауданында газ уақытша өшіріледі

Д-720 мм орташа қысымды жерасты газ құбырына апатқа қарсы профилактикалық жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
АЛМАТЫ. 18 ҚАЗАН - Алматыда профилактикалық жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар тұрғын үй газдан ажыратылады.
 
 "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы өндірістік филиалының мәліметінше, Д-720 мм орташа қысымды жерасты газ құбырына апатқа қарсы профилактикалық жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
 

Бостандық ауданының тұтынушыларына газды үздіксіз беру мақсатында газ құбырының учаскесін ауыстыру қажет. Осыған байланысты 18-19 қазан аралығында "Нұр Алатау" шағынауданының әл-Фараби даңғылы - Тоқжайлау - Қожакеев – Подгорная көшелері; Мирас шағынауданының Лисянский көшесі бойында орналасқан тұрғын үйлері мен нысандары газдан ажыратылатын болады", - делінген ресми хабарламада.

 
Қазіргі уақытта жөндеу-апаттық бригадалары газбен жабдықтау бойынша жұмыстың қалыпты режимін тез арада қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараны қабылдауда.
 
 "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ АӨФ қала тұрғындарынан қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауды сұрады.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны