24.06.2022, 20:28 20221

Алматының үш ауданындағы ғимараттар ыстық судан ажыратылады

Алматының үш ауданындағы ғимараттар ыстық судан ажыратылады
АЛМАТЫ. 24 МАУСЫМ - Алматы қаласының Түрксіб, Жетісу және Медеу ауданы аумағында орналасқан бірқатар тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға ыстық су беру шектелетін болады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Алматы жылу жүйесі" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 "Алматы жылу жүйесі" ЖШС хабарлағандай, ыстық су беру келесі көшелер мен тұрғынжайлар контурларында шектеледі:
 
27 маусымнан 1 шілдеге дейін:
 
- Рысқұлов – Буровая - Кульджинский тракт; 
 
- Атырау-1 ықшам ауданы;
 
- Шекспир - Эйхе - Жайсан - Терешкова.
 
27 маусымнан 8 шілдеге дейін:
 
– Рихарда Зорге – Молдағалиева – Чехов - Ақан Сері.
 
27 маусымнан 18 шілдеге дейін:
 
- Лавренев - Дөңентаева - Соболев - Зимняя;
 
- Гете - Новосибирск - Майлин - Заславский;
 
- Бекмаханов - Свободная - Сүйінбай.
 
27 маусымнан 19 шілдеге дейін:
 
- Собинов - Монтажная - Поддубный - Беринг.
 
Шектеулер "Алматыжылукоммунэнерго" ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны