17.06.2022, 15:49 24431

Алматының Түрксіб ауданында бірқатар ғимараттар ыстық судан уақытша ажыратылады

Шектеулер "Алматыжылужайэнерго" ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі.
Алматының Түрксіб ауданында бірқатар ғимараттар ыстық судан уақытша ажыратылады
АЛМАТЫ. 17 МАУСЫМ - Алматы қаласының Түрксіб ауданында жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Алматы жылу жүйесі" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2022 жылғы 20-24 маусым аралығында Түрксіб ауданының аумағындағы Орджоникидзе – Кожедуба – Гёте – Читинская; Кассина – Буденного – Бехтерев – Жумабаева көшелерінің контурында, сондай-ақ Элеваторская – Щелково – Суюнбая көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды", - деп хабарлады "Алматы жылу жүйесі" ЖШС.

 
Шектеулер "Алматыжылужайэнерго" ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны