22.04.2021, 22:49 11835

Алматының Әуезов ауданында мектептерді кеңейту арқасында оқушылар үшін 3600 жаңа орын пайда болады

№6, №117, №121, №132 және №133 мектептер кеңейтіледі.

АЛМАТЫ. 22 СӘУІР - Алматы қаласының Әуезов ауданында мектептер мен балабақшаларда орын тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатқаны туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында әкім Сайран Сайфеденов айтып берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол биылғы жылы ауданның 5 мектебінде негізгі ғимараттарға жапсарлас құрылыс жұмыстары жалғастырылғанын хабарлады.

№6, №117, №121, №132 және №133 мектептер кеңейтіледі. Барлығы қосымша 3600 орын құрылатын болады.

Сондай-ақ, №23 балабақшаға сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жүргізуді аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, қала әкімінің тапсырмасы бойынша Алтын-Бесік шағын ауданында Алматы технологиялық университетінің жатақханасын салу жоспарланған жер учаскесінде мемлекеттік балабақша салынады.

Қазіргі уақытта Жайлы қалалық орта басқармасы желісі бойынша балабақша құрылысын жобалау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны