22.12.2022, 09:14 26396

Антикор "Қазгеология" Ұлттық компаниясының басшылығына қатысты тергеу жүргізуде

Тергеу жалғасуда
Антикор "Қазгеология" Ұлттық компаниясының басшылығына қатысты тергеу жүргізуде
Сурет: gov.kz
Астана. 22 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша "Қазгеология" Ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ (мемлекеттің 100% қатысуы) басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Антикордың баспасөз қызметі.

Мекеме басшылығы Жарғыны бұза отырып, Директорлар кеңесінің тиісті шешімінсіз басқарма мүшелеріне (басқарма төрағасы, төрағаның 3 орынбасары, бас геолог) 2017-2019 жылдар кезеңінде жалақыны, бонустарды және материалдық көмекті 169 млн теңгеден астам сомаға артық төлеуге әкеп соқтырған лауазымдық жалақының мөлшерін 2 есе ұлғайтты деп күдіктенеді", - делінген хабарламада.


Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны