09.04.2021, 21:26 17451

Қарағанды облысында 12 сәуірден бастап карантин күшейтіледі

ҚАРАҒАНДЫ. 9 СӘУІР - Қарағанды облысында коронавирустық инфекциямен сырқаттану көрсеткіші өсуде. Тек өткен аптада ауырғандар саны 1,7 есе өсті. Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 12 сәуірден бастап карантин режимін күшейту туралы шешім қабылданды.
 
Тыйымдар мен шектеулер туралы облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Юрий Залыгин Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында тікелей эфирде өткен брифингте мәлім етті.
 
Облыс бойынша келесі нысандардың қызметіне тыйым салынады:
 
• Қарағандыда Ashyq пилоттық жобасы іске асырылатын нысандарды қоспағанда, ойын-сауық мекемелері (караоке, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, бильярд, боулинг орталықтары);
 
• букмекерлік кеңселер;
 
• жабық үй-жайлардағы ойын алаңдарын, аттракциондарды қоса алғанда, балалардың ойын-сауық орталықтары;
 
• банкет залдарының;
 
• театрлар мен кинотеатрлар, концерт залдары, цирк;
 
• мәдениет үйлері мен мәдениет сарайлары, сондай-ақ олардағы дайындықтар (бұл ретте кітапханалар мен мұражайларда жұмыс істеуге рұқсат етілген, алайда келушілер саны 30 адамнан аспауы тиіс);
 
• жалпы білім беретін мектептерде орналасқан секциялар, үйірмелер.
 
Сабақтан тыс уақытта оқушылармен жеке сабақтар өткізуге рұқсат етілмейді. Оқушыларды СOVID-19 бойынша жағдайы нашар өңірлер мен елдерге халықаралық жарыстар мен олимпиадаларға шығаруға болмайды. Экскурсияларға тыйым салынған.
 
Ойын-сауық және бұқаралық іс-шараларға, форумдарға, конференцияларға, көрмелерге, жәрмеңкелерге және т. б. тыйым әлі де жалғасуда.
 
Сенбі және жексенбі күндері келесі бағыттар бойынша жолаушылар тасымалына рұқсат етілмейді: Қарағанды – Теміртау – Қарағанды; Қарағанды – Саран – Қарағанды; Қарағанды – Шахтинск – Қарағанды; Қарағанды – Абай – Қарағанды; Қарағанды – Шахан – Қарағанды; Қарағанды – Топар – Қарағанды.
 
Еліміздің басқа өңірлеріне және облыс ішінде тұрақты емес туристік тасымалдарға толық тыйым салынады.
 
Жаттығу залдары мен фитнес-орталықтарға, бассейндерге, сұлулық салондарына бару үшін алдын ала жазылу қажет.
 
Сенбі және жексенбі күндері облыс бойынша келесі нысандар жабық болады:
 
• сауда үйлері, сауда-ойын-сауық орталықтары, көтерме-тарату орталықтары, ауданы 2000 шаршы метрден астам азық-түлік емес тауарлары бар дүкендер (азық-түлік супермаркеттерін, азық-түлік павильондарын және олардағы дәріханаларды, сұлулық салондарын, химиялық тазартқыштарды қоспағанда);
 
• фитнес-орталықтар, спорттық-сауықтыру орталықтары, тренажер залдары, спорт кешендері;
 
• сауналар, бассейндер, СПА-орталықтар, массаж салондары (Қарағандыда Ashyg пилоттық жобасы іске асырылатын нысандарды қоспағанда);
 
• жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес).
 
Ашық ауадағы (азық-түлік және азық-түлік емес) базарлардың жұмысы тек жексенбі күндері ғана тоқтатылады.
 
Супермаркеттер мен гипермаркеттердің жұмыс кестесі: таңғы 7.00-ден 24.00-ге дейін. Барлық келушілер үшін термометрия, маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.
 
Қоғамдық тамақтану нысандарына сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Азық-түлікті жеткізу және алып кетуге уақыт шектеуі қойылмайды.
 
Мейрамханалар мен дәмханаларда банкеттер, тойлар, еске алу және басқа да ұжымдық және естелік іс-шараларға тыйым салынады.
 
Юрий Залыгин мектептерде оқыту аралас форматта болып қала беретінін мәлім етті. Дәстүрлі түрде мектепалды сыныптардың оқушылары, 1-ден 5-ке дейін, халықаралық мектептерде-1-ден 7-ге дейін, сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспауы тиіс. 6, 7, 8, 10 сынып оқушыларын оқыту қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады.
 
Құрама түрде бітіруші сынып оқушылары оқиды (9, 11 (12): 70% пәндер штаттық режимде, 30% - қашықтықтан, жиынтықтау кезінде сыныпта 15 адамнан аспауы тиіс, "1 сынып – 1 кабинет" қағидаты бойынша санитариялық-дезинфекциялық және бетперде режимдерін сақтай отырып оқытылады.
 
Балабақшаларда саны 15 адамнан аспайтын кезекші топтар ғана жұмыс істейді.
 
Мемлекеттік ұйымдар мен жеке кәсіпорындар өндірістік қажеттілікке байланысты қызметкерлердің кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс форматына көшіргені жөн.
 
Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері тұрғындарды 13 сәуір мен 12 мамыр аралығында өтетін қасиетті Рамазан айында санитарлық-карантиндік талаптарды сақтауға шақырды.
 

Кез келген бұқаралық іс-шаралар – бұл ең алдымен маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтамауы мүмкін көптеген адамдардың тығыз байланысы. Ауру белгілері болмаған кезде асимптоматикалық немесе бастапқы кезеңде науқастармен байланыс болуы мүмкін. Бұл сіз және сіздің жақындарыңыз үшін үлкен қауіп", - деп атап өтті Юрий Залыгин.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны