09.05.2022, 15:39 14806

Қарулы күштердің әскери қызметшілері ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. 9 МАМЫР - Еліміздің барлық өңірінде Қазақстан әскерінің жауынгерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына арналған еске алу шараларына қатысты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Әскери қызметшілер Даңқ мемориалдары мен соғыс ардагерлерінің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.
 
Бүкіл гарнизондарда әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін аралады. Ардагерлер тұратын жерлерде салтанатты шаралар ұйымдастырылып, әскери оркестрлер соғыс жылдарының әуендерін орындады.
 

Жеңіс күні – Қазақстан үшін тарихи маңызды күн. Қазақстаннан майданға 1 200 000-ға жуық адам аттанып, оның жартысы соғыстан қайта оралмады. Елімізде 12 атқыштар және 4 кавалерия дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полк пен батальондар құрылды. Қазақстан стратегиялық тыл ретінде де маңызды рөл атқарды. Соғыс жылдары Қарағанды облысы 35 млн тонна көмір берді. Тыл еңбеккерлері майданға 5 млн тоннадан астам нан және 700 мың тоннадан астам ет жіберді. Әскерге арналған 10 оқтың 9-ы қазақ жерінің қорғасынынан құйылды", - делінген ведомство хабарламасында.

 
Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін 500-ге жуық қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны