15.03.2022, 13:34 16201

Қазақстан азаматтарымен бесінші репатриациялық рейс Катовице қаласынан Алматыға ұшып шықты

Бортта Украинадан эвакуацияланған 89 жолаушы бар.
Қазақстан азаматтарымен бесінші репатриациялық рейс Катовице қаласынан Алматыға ұшып шықты
НҰР-СҰЛТАН. 15 НАУРЫЗ - 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 08:50-де Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға бесінші репатриациялық рейс ұшып шықты.
 
Ұшақ Алматы қаласына келеді деп күтілуде. Бортта Украинадан эвакуацияланған 89 жолаушы бар, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі. 
 
Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын бұл ұшақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Украинаға гуманитарлық көмектің бірінші партиясын Катовице қаласына жеткізген болатын. Одан әрі жүк Украина аумағына автокөлікпен жеткізіледі.

10 наурызда Қазақстанның эвакуацияланған азаматтарымен төртінші репатриациялық рейс Нұр-Сұлтанға қонды. Бортта 155 жолаушы, оның ішінде жеті сәби болған.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны