28.04.2021, 20:44 17304

Қазақстан мен Қытай арасындағы автомобиль өткізу пункттері 1, 7 және 9 мамырда жабық болады

Қазақстан Республикасындағы мереке күндеріне байланысты "Нұр Жолы", "Достық", "Бақты" автокөлік өткізу пункттері 2021 жылғы 1, 7 және 9 мамырда жұмыс істемейді.
НҰР-СҰЛТАН. 28 СӘУІР - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттерінің уақытша жабылатынын хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстан Республикасындағы мереке күндеріне байланысты ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісім негізінде "Нұр Жолы", "Достық", "Бақты" автокөлік өткізу пункттері 2021 жылғы 1, 7 және 9 мамырда жұмыс істемейді", - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметінде.

 
Қазіргі уақытта Қазақстан - Қытай шекарасында 2 темір жол ("Достық" және "Алтынкөл") және 3 автокөлік ("Нұр Жолы", "Достық", "Бақты") өткізу пункттері жұмыс істейді, жалғасып жатқан карантиндік шектеулерге байланысты бұл пункттер арқылы тек жүктер мен тауарларды ғана өткізу жүзеге асырылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны