Қазақстанда 12 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 899 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 221 669. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында – 26 124 (+112);
Алматы қаласында – 26 708 (+237);
ШҚО–да – 22 394 (+34);
Атырау облысында – 17 582 (+41);
Павлодар облысында – 18 363 (+52);
Қарағанды облысында – 15 965 (+68);
Ақмола облысында – 14 347 (+55);
БҚО–да – 13 667 (+71);
СҚО–да – 12 679 (+38);
Қостанай облысында – 12 973 (+49);
Алматы облысында – 11 443 (+76);
Шымкент қаласында – 6319 (+9);
Жамбыл облысында – 6099 (+9);
Түркістан облысында – 4340 (+5);
Маңғыстау облысында - 4 292 (+0);
Ақтөбе облысында - 4463 (+39);
Қызылорда облысында - 3911 (+4).
Қазақстанда өткен тәулікте 653 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 204 782, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
12 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-ден 18 558 адам (14 050 КВИ+ және 4 508 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 4 713 науқас стационарларда, ал 13 845 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 231 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 47 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 45 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 11 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 2 837 өлім тіркелді.
Сонымен қатар, 10 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 65 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 176 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49 694, 652 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 44 534 жетті.
2021 жылғы 12 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары орналасқан.
Сары" аймақта: Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстары.
Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

