12.04.2021, 19:09 7373

Қазақстанда 12 сәуірге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 12 СӘУІР - 2021 жылғы 11 сәуір 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 271 809 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 290 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 271 809. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында – 41 689 (+610); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 35 990 (+389); 
 
ШҚО–да – 23 352 (+33); 
 
Павлодар облысында – 19 523 (+48); 
 
Атырау облысында – 19 982 (+110); 
 
Қарағанды облысында – 19 301 (+205); 
 
Ақмола облысында – 16 208 (+108); 
 
БҚО-да – 16 385 (+118); 
 
Алматы облысында – 16 872 (+283); 
 
Қостанай облысында – 14 192 (+31); 
 
СҚО–да – 13 359 (+36); 
 
Шымкент қаласында – 7610 (+53); 
 
Жамбыл облысында – 6792 (+53); 
 
Ақтөбе облысында – 6709 (+105); 
 
Түркістан облысында – 4712 (+27); 
 
Маңғыстау облысында - 4726 (+37); 
 
Қызылорда облысында - 4407 (+35).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 608 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 234 665, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
12 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 34 478 адам (33 908 КВИ+ және 570 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 12 349 науқас стационарларда, ал 22 129 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 569 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 170 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 109 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 11 сәуір аралығында коронавирустан жалпы 3 236 өлім тіркелді. 
 
Сонымен қатар, 10 сәуір 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 37 жағдайы тіркелді. Оған қоса 125 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 51 399, 727 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 50 102 жетті. 
 
2021 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Шымкент қ., Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Манғыстау облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны