13.04.2021, 18:03 7335

Қазақстанда 13 сәуірге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 13 СӘУІР - 2021 жылғы 12 сәуір 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 273 825 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 016 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 273 825. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында – 42 287 (+598); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 36 327 (+337); 
 
ШҚО–да – 23 372 (+20); 
 
Павлодар облысында – 19 580 (+57); 
 
Атырау облысында – 20 016 (+34); 
 
Қарағанды облысында – 19 504 (+203); 
 
Ақмола облысында – 16 298 (+90); 
 
БҚО-да – 16 498 (+113); 
 
Алматы облысында – 17 135 (+263); 
 
Қостанай облысында – 14 222 (+30); 
 
СҚО-да – 13 390 (+31); 
 
Шымкент қаласында – 7630 (+20); 
 
Жамбыл облысында – 6843 (+51); 
 
Ақтөбе облысында – 6794 (+85); 
 
Түркістан облысында – 4736 (+24); 
 
Маңғыстау облысында - 4735 (+9); 
 
Қызылорда облысында - 4458 (+51).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 197 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 235 862, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
13 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 35 178 адам (34 703 КВИ+ және 475 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 12 324 науқас стационарларда, ал 22 854 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 586 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 175 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 112 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 12 сәуір аралығында коронавирустан жалпы 3 260 өлім тіркелді. 
 
Сонымен қатар, 11 сәуір 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 101 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 51 409, 731 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 50 203 жетті. 
 
2021 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Шымкент қ., Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Манғыстау облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны