13.08.2021, 17:57 10030

Қазақстанда 13 тамызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай:коронавирус пен пневмониядан 127 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. 13 ТАМЫЗ - 2021 жылғы 12 тамызға 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 672 322 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 7 798 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 1 276; 
 
Алматы қаласында – 1 507; 
 
Шымкент қаласында – 532; 
 
Ақмола облысында – 278; 
 
Ақтөбе облысында – 416; 
 
Алматы облысында – 300; 
 
Атырау облысында – 470; 
 
ШҚО-да – 259; 
 
Жамбыл облысында – 145; 
 
БҚО-да – 161; 
 
Қарағанды облысында – 1 144; 
 
Қостанай облысында – 271; 
 
Қызылорда облысында – 219; 
 
Маңғыстау облысында – 213; 
 
Павлодар облысында – 329; 
 
СҚО-да – 170; 
 
Түркістан облысында – 108.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 5 816 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 554 178 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
13 тамызға КВИ-ден 115 211 адам (110 831 КВИ+ және 4 380 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 31 157 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 84 054 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 934 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 472 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 230 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 12 тамызына дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 7 313 өлім жағдайы тіркелген. 11 тамыз күні КВИ-ден 105 адам қайтыс болды. 
 
11 тамыз күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 406 жағдайы тіркелді, 22 адам қайтыс болды және 205 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 64 898, өлім – 3 995, сауыққандар – 56 523. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 12 тамызға I компонентпен 5 991 676 адам вакцинацияланды, II компонентпен 4 616 253 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 13 тамыздағы эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны