19.03.2021, 18:41 14385

Қазақстанда 19 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 19 НАУРЫЗ - 2021 жылғы 18 наурыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 229 217 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 124 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 229 217. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында – 28 991 (+366); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 27 528 (+285); 
 
ШҚО–да – 22 551 (+28); 
 
Павлодар облысында – 18 688 (+47); 
 
Атырау облысында – 17 881 (+36); 
 
Қарағанды облысында – 16 586 (+98); 
 
Ақмола облысында – 14 743 (+50); 
 
БҚО–да – 14 078 (+81); 
 
Қостанай облысында – 13 300 (+44); 
 
СҚО–да – 12 840 (+35); 
 
Алматы облысында – 12 078 (+91); 
 
Шымкент қаласында – 6476 (+36); 
 
Жамбыл облысында – 6210 (+18); 
 
Ақтөбе облысында – 4614 (+26); 
 
Түркістан облысында - 4398 (+13); 
 
Маңғыстау облысында - 4325 (+6); 
 
Қызылорда облысында - 3930 (+4).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 749 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 209 630, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
19 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-ден 20 237 адам (16 696 КВИ+ және 3 541 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 5 813 науқас стационарларда, ал 14 424 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 250 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 61 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 34 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 18 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 2 891 өлім тіркелді. 
 
Сонымен қатар, 17 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 50 жағдайы тіркелді. Оған қоса 189 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 50 003, 659 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 45 803 жетті. 
 
2021 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Батыс Қазақстан облысы орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны