28.07.2021, 16:51 27075

Қазақстанда 28 шілдеге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 28 ШІЛДЕ - 2021 жылғы 27 шілде 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 549 628 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 6 925 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 1 531; 
 
Алматы қаласында – 1 250; 
 
Шымкент қаласында – 421; 
 
Ақмола облысында – 210; 
 
Ақтөбе облысында – 191; 
 
Алматы облысында – 220; 
 
Атырау облысында – 430; 
 
ШҚО-да – 312; 
 
Жамбыл облысында – 137; 
 
БҚО-да – 197; 
 
Қарағанды облысында – 920; 
 
Қостанай облысында – 213; 
 
Қызылорда облысында – 150; 
 
Маңғыстау облысында – 267; 
 
Павлодар облысында – 225; 
 
СҚО-да – 134; 
 
Түркістан облысында – 117.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 5 096 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 457 098 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
28 шілдеге КВИ-ден 89 058 адам (86 911 КВИ+ және 2 147 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 24 748 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 64 310 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 500 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 319 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 160 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 27 шілдесіне дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 5 619 өлім жағдайы тіркелген. 26 шілде күні КВИ-ден 81 адам қайтыс болды. 
 
26 шілде күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 324 жағдайы тіркелді, 11 адам қайтыс болды және 97 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 60 018, өлім – 3 660, сауыққандар – 54 211. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 27 шілдеге I компонентпен 5 230 750 адам вакцинацияланды, II компонентпен 3 436 617 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 28 шілдедегі эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта - Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны