10.11.2022, 13:08 22586

Қазақстанда 700-ден астам адам коронавирустан емделуде

Өткен тәулікте аурудың 58 жағдайы тіркелді.
Қазақстанда 700-ден астам адам коронавирустан емделуде
Сурет: unsplash.com
Астана. 10 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 58 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 395 171 жағдай тіркелді.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 9 қарашада КВИ-ден 725 адам (576 КВИ+ және 149 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 68 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 657 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде – 7 пациент,
 
- аса ауыр халде – 2 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар.
 
8 қарашада коронавирус белгілері бар пневмонияның 5 жағдайы анықталды. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны