09.04.2021, 16:52 11833

Қазақстанда 9 сәуірге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 9 СӘУІР - 2021 жылғы 8 сәуір 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 263 943 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 440 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 263 943. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында – 39 655 (+717), 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 34 453 (+446), 
 
ШҚО–да – 23 200 (+49), 
 
Павлодар облысында – 19 396 (+38), 
 
Атырау облысында – 19 595 (+149), 
 
Қарағанды облысында – 18 715 (+169), 
 
Ақмола облысында – 15 898 (+101), 
 
БҚО-да – 16 010 (+110), 
 
Алматы облысында – 15 865 (+254), 
 
Қостанай облысында – 14 096 (+33), 
 
СҚО–да – 13 233 (+49), 
 
Шымкент қаласында – 7384 (+72), 
 
Жамбыл облысында – 6651 (+38), 
 
Ақтөбе облысында – 6236 (+116), 
 
Түркістан облысында – 4640 (+23), 
 
Маңғыстау облысында - 4628 (+33), 
 
Қызылорда облысында - 4288 (+43).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 786 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 231 324, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
9 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 30 219 адам (29 429 КВИ+ және 790 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 11 376 науқас стационарларда, ал 18 843 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 517 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 163 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 87 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 8 сәуір аралығында коронавирустан жалпы 3 190 өлім тіркелді. 
 
Сонымен қатар, 7 сәуір 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 104 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 172 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 51 159, 721 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 49 648 жетті. 
 
2021 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Шымкент қ., Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Манғыстау облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны