24.06.2021, 22:47 16745

Қазақстанда қалқанша безі обырына қарсы дәрі шығарыла бастады

НҰР-СҰЛТАН. 24 МАУСЫМ - Қазақстанда қалқанша без обырын емдеуге арналған препарат жасау өндірісі қолға алынды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілеме жасап.
 
2021 жылғы 22 маусымда "Ядролық физика институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнында қалқанша без обырын қоса алғанда, қалқанша без ауруларын емдеу үшін натрий йодид (131I) радиофармпрепаратының бірінші өнеркәсіптік партиясы жасалды. Бұл препарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде "натрий иодиді 131I, ішуге арналған ерітінді" атауымен дәрілік зат ретінде тіркелді, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.
 
2021 жылғы 24 маусымда препарат Семей қаласындағы Ядролық медицина және онкология орталығының алғашқы пациенттеріне жеткізілді.
 

Ағзаның патологиялық ошағында натрий йодиді (131I) радиофармпрепаратының таңдамалы жиналуының арқасында қоршаған тіндерді сақтай отырып, обыр клеткалары жойылады", - деп түсіндірді ведомствода.

 
Ядролық физика институтында (Алматы қ.) радиофармацевтикалық препараттар жасау тарихы 1986 жылдан басталады. Дәл осы жылы КСРО-да миокард инфарктісін алдын ала диагностикалау үшін Таллий-201 изотопы бар препараттың алғашқы өндірісі ұйымдастырылды.
 
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін адамның барлық органдарының ауруларын диагностикалау үшін кеңінен қолдануға болатын Технеция-99м өндірісі жолға қойылды. Қазіргі заманғы денсаулық сақтау жүйесінде бұл изотоптың үлесіне барлық радионуклидтік рәсімдердің 80%-дан астамы тиесілі.
 
2011 жылы Ядролық физика институты технеция генераторларын тіркеді және екі апта бойы жұмыс істейтін және елдің кез келген өңіріне жеткізілуі мүмкін ықшам тасымалданатын генераторларды өндіруді бастады.
 

Радионуклидтік диагностиканы қолдана отырып, қатерлі ісіктерді дамудың ең ерте сатысында анықтауға болатындығын атап өткен жөн, бұл қатерлі ісік ауруынан болатын өлімді азайтады және науқастарда қайталану санын едәуір азайтады", - деп нақтылады баспасөз қызметінде.

 
Генератордың конструкциясын жасау бойынша жұмыстар 2014 және 2015 жылдары "Жыл өнертабысы", "Шапағат" республикалық конкурстарында екі мәрте жеңіске жетті.
 
2018 жылы құрамына радиофармацевтикалық препараттар шығаратын заманауи кешен кіретін Алматы қаласындағы Ядролық физика институты базасында Ядролық медицина және биофизика орталығының құрылысы аяқталды. Орталықты құрудың соңғы кезеңі радиофармпрепараттар өндірісін тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестікке сертификаттау болды.
 
Институт қызметкерлері болашақта ядролық медицинаның жаңа әзірлемелері негізінде Қазақстан ұлтының денсаулығы мен өмір сүру сапасын нығайту мақсатында радиофармпрепараттардың кең спектрін қолдана отырып, әртүрлі ауруларды диагностикалау мен емдеу үшін жаңа препараттар әзірлеуді жоспарлап отыр.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны